ЖелтоқсанДеді ме екен қайраттанар жыл келді, Таңдандырып аға ұрпақты, үлкенді

Желтоқсан

Деді ме екен қайраттанар жыл келді,
Таңдандырып аға ұрпақты, үлкенді.
Ар - намыстың алаңында жастықтың
Сонда рухы жұдырық боп сілтенді.

Жас қайрат еді қиялдаған арманды,
Енді сол күш баба - арман боп жалғанды.
Тағы мінез көрді тарих сөнбеген,
Сол мінезге күллі ғалам таңғалды.

Батушы еді жанға аяздай бір жоғы,
Шындық сұрап көтерілді ұл қолы.
Серіппе еді жылдар бойы жиырылған,
Қатты серіпті, аянбады бұл жолы.

Жас мінезге қарсы алдында күш тұрды,
Сонда да ұстап тұра алды ерлік - ұстынды.
Көрді тарих ару қыздың көзінен
Тағы сөнбес намыс дейтін ұшқынды.

Мықты бір қол сосын серпіп жас жанды,
Аямады, түлей құйын басталды.
Ал сонан соң алаңында жүректің
Рух болып қасиетті жас қалды.

Жуылмады, жуылғанмен кетпеді,
Қайта оянған ерлік болып көктеді.
Содан кейін мәңгілікке тіріліп
Азаттықтың болып келді көктемі.

Қарады да еркіндік боп таң күле,
Өлмес ерлік айналды өшпес белгіге.
Жастық жігер жанарында ұрпақтың
Тұрып қалды ұя салып мәңгіге.

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы



Ұқсас жұмыстар

Ұлпанның жаратылысы басқа
Қазақтың салт-дәстүрлері туралы ақпарат
Балалар әдебиетінің бәйтерегі: Б.Соқпақбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған әдістемелік құрал
Қыз бала тәрбиесі
Бала тәрбиесі - бесіктен
Қазақтың салт-дәстүрлері
Оралхан Бөкей (1943-1993)
Салт - дәстүр ұлттық тәрбие
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
БУМЫН ҚАҒАН
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Баланың мектепке келу мәселесі