Сын есімді табу
Сабақ тақырыбы
Дара және күрделі сын есім
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілік
Сурет, кесте
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік мақсат
Оқушылардың сын есім туралы бұрынғы білімдеріне сүйене отырып, ұғымдарын кеңейту; сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру. Сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, оларға сұрақ қоюға және бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
2) Дамытушылық мақсат
Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту; ауызекі тілін жетілдіру; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру және пәнге қызығушылығын арттыру.
3) Тәрбиелік мақсат
Ана тілін сүюге және қастерлеуге баулу. Сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Тәрбиелік бағыт: оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Психологиялық дайындық: жақсылықты бойға сіңіру, жамандықтан аулақ болу.
-
Үй жұмысын тексеру: «Сыңарын тап» ойыны.
терең — таяз ыстық — суық адал — арам жұмсақ — қатты жуан — жіңішке
Тапсырма: осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру.
- Жеке карточкалармен жұмыс (4 оқушы). Тексеру, бағалау.
II. Жаңа тақырып
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Дәптерге айы мен күнін жазу.
-
Көркем жазу
Сөздер:
долана, парта, Сапар
Мақал:
Әдепті бала ата-анасын мақтатар.
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.- Мақалды оқыту, мағынасын түсіндіру.
- Көшіріп жазу.
- Сын есімдерді табу, сұрақ қою.
-
Сөздік жұмысы
Тіркестер:
көк ала сары алаЖазылуы мен мағынасын түсіндіру, сөйлем құрастыру.
Мысал сөйлем:
Мен көк ала дәптер сатып алдым.
Тапсырма: сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
- Ережені кесте бойынша құрастыру.
III. Оқулықпен жұмыс
- Оқулық: 135-бет (оқу, талдау).
-
Жаттығу (тақтада, жазбаша):
- Сын есімдерді табу.
- Дара ма, күрделі ме екенін анықтау.
- Дара сын есім неше сөзден тұрады? Күрделі сын есім ше?
- Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер қалай жазылады?
- Жұмбақ шешу.
-
Жаттығу (ауызша оқу). Терме жұмысы:
Дара Күрделі Ұзын
Қысқа
Қызыл
АқҚызғылт сары
Қара сұр- 1-бағанға қандай сын есімдер жазылды? Неліктен?
- 2-бағанға қандай сын есімдер жазылды? Неліктен?
IV. Сергіту сәті
«Менің есімім» ойыны: әр оқушы өз есімінің бастапқы әрпіне сай өзіне тән жақсы қасиетті айтады.
V. Бекіту
18-жаттығу — өздік жұмыс
- Сын есімдерді табу.
- Дара немесе күрделі екенін анықтау.
Шығармашылық жұмыс
Тақырып бойынша қысқа мәтін құрастыру немесе мысалдар келтіру арқылы дара және күрделі сын есімдерді қолдану.