Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым
Әліппемен қоштасу: мерекелік ертеңгілік
Бұл ертеңгіліктің мақсаты — оқушылардың сауат ашу пәні бойынша алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдету, өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту және ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Іс-шараның негізгі бағыттары
- Білімді қорытындылау, оқуға деген ынтаны арттыру
- Оқушылардың өнерін (ән, би, мәнерлеп оқу) көрсету
- Эстетикалық талғам мен сахна мәдениетін дамыту
- Ана тіліне құрмет пен сүйіспеншілікті нығайту
Кіріспе көрініс
Оқушылардың өлең жолдары
1) Тақ, тақ, тақ,
Бәрің бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
2) Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын.
Естідім ұзынқұлақтан —
1 «В» сыныбынан.
3) Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билеуге.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап — Әліппемен.
Мұғалімнің құттықтауы
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі қуанышымызға шек жоқ. Сіздер 1-сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып-жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Қонақтарға ізет
Ана-әжелерге арнау
4) Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған —
Біз, алаңсыз балғын шақты балалар.
Ұстаздар мен ата-аналарға қошемет
5) Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!
Ән
«Біз өмірдің гүліміз» (қыздар)
Сұрақ-жауап және ортаға шақыру
Мұғалімнің тілегі
Өсті міне бойларың, өсті ақыл-ойларың. Қуанышқа ортақпын, құтты болсын тойларың!
Сұрақ
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен жауап
Болашаққа жол ашқан —
Ол сүйікті Әліппе!
Ортаға шақыру
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: «Әліппе! Әліппе!»
Әліппенің сөзі
Қошемет пен үндеу
Менің атым — Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен —
Ағаң менен әпкең де.
Армысыңдар, жас достар! Армысыңдар, ата-ана! Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға.
Мерекелерің құтты болсын, бүлдіршіндер, балғындар! Не үйреніп, не білдік — кәне, ортаға салайық.
Балалардың таныстыруы
Әліппе: «Осы сендер қандайсыңдар?»
- Талабымыз биік таудай.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- Көп оқимыз.
Барлығы: Біз — қазақ елінің болашағымыз!
Ән
«Әліппе»
Әріптер әлеміне саяхат
Мұғалім: Олай болса, біз әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.