Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары
Сабақ мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Күн жүйесінің құрылысы туралы мағлұмат беру, материалды пәнаралық байланыс арқылы түсіндіру.
Дамытушылық
Теорияны практикамен ұштастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Өз бетінше еңбек етуге үйрету, ізденіске баулу, ой-өрісті кеңейтіп, жауапкершілік пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
- Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру және дайындығын тексеру.
- Жаңа сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау.
- Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру (7 минут)
Үй тапсырмасын «Балық аулау» ойыны арқылы тексеру: тақтаға көл бейнесі бар плакат ілінеді, көл үстінде балықтар орналасады. Оқушы «балықты аулап», берілген сұрақтарға жауап береді.
Эклиптика дегеніміз не?
Ғалымдар ерте кезден-ақ Күннің жұлдыздар арасында жыл бойы қозғалып, аспан сферасындағы үлкен дөңгелек бойымен бір айналым жасайтынын байқаған. Осы үлкен дөңгелекті ежелгі гректер эклиптика деп атаған.
Зодиак шоқжұлдыздары нешеу және олар қалай аталады?
Зодиак шоқжұлдыздары 12. Олар: Ешкімүйіз, Мерген, Сарышаян, Таразы, Бикеш, Арыстан, Шаян, Егіздер, Торпақ, Тоқты, Балықтар, Суқұйғыш.
Зодиак белдеуі дегеніміз не?
Зодиак шоқжұлдыздарының саны бір жыл ішіндегі айлар санына сәйкес келеді, ал осы шоқжұлдыздардың жиынтығы зодиак белдеуі деп аталады.
Күн мен түннің көктемгі және күзгі теңелу нүктелері қай шоқжұлдызға сәйкес келеді?
Балықтар шоқжұлдызына сәйкес келеді.
Жазғы және қысқы Күн тоқырауы қай күндері болады?
22 шілдеде және 22 желтоқсанда.
III. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін жұмбақтар ұсынылады:
1) Жұрттың бәрі соны сүйеді, бірақ қарағысы келмейді. Жауабы: Күн
2) Бір емен, жеті терек, алты қайың, бұтағы толып жатыр дайым-дайым. Ішінде шынар терек, үш қарағай… Жауабы: Шолпан, Жетіқарақшы, Үркер, Үш таразы
3) Дарияның ортасында екі жайын: бірі кетсе, бірі дайын. Жауабы: Күн мен Ай
Жаңа сабақты меңгеру (15 минут)
Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын және онда болып жатқан құбылыстарды зерттеуге ежелден-ақ құмар болған. Көне заманда әлем құрылысы туралы алғашқы түсініктер өте қарапайым болып, діни нанымдармен астасып жатты. Аспан мен Жер бөлек қарастырылып, Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы ретінде қабылданды.
Птолемейдің геоцентрлік көзқарасы
Біздің заманымыздың II ғасырында өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Александриялық Клавдий Птолемей (шамамен 90–160 жж.) Аристотель, Гиппарх және басқа да ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, дүниенің жетілдірілген геоцентрлік жүйесін ұсынды (грекше geo — жер). Ол дүниенің ортасына қозғалмайтын Жерді қойып, басқа аспан денелері Жерді айналады деп түсіндірді.
Төменгі планеталар
Орбиталары Жер орбитасының ішкі жағында орналасқан планеталар төменгі планеталар деп аталады.
- Меркурий
- Шолпан
Жоғарғы планеталар
Орбиталары Жер орбитасының сыртында орналасқан планеталар жоғарғы планеталар деп аталады.
- Марс
- Юпитер
- Сатурн
- Уран
- Нептун
Планеталардың ірі топтары
Күн маңындағы планеталар
Меркурий, Шолпан, Жер, Марс.
Алып планеталар
Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.
IV. Жаңа сабақты бекіту (5 минут)
Сұрақтар арқылы жаңа тақырып бойынша білім тексеріледі:
973 жылы Хорезмде дүниеге келген, 150 еңбегінің 50-ін астрономияға арнаған ортаазиялық ғалым-астроном, физик, географ, философ, этнограф кім?
Жауабы: Әбу Райхан әл-Бируни
Орбиталары Жер орбитасының ішкі жағында орналасқан планеталар қалай аталады?
Жауабы: Төменгі планеталар
Төменгі планеталарға қандай планеталар жатады?
Жауабы: Меркурий, Шолпан
Орбиталары Жер орбитасының сыртында орналасқан планеталар қалай аталады?
Жауабы: Жоғарғы планеталар
Алып планеталарға қандай планеталар жатады?
Жауабы: Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун
V. Сергіту сәті (2 минут)
Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
VI. Қорытындылау (4 минут)
Сабақ мазмұнын мақал-мәтелдер арқылы қорытындылап, негізгі ұғымдар қайталанады.
VII. Үй тапсырмасы (2 минут)
§20 оқу; өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.
VIII. Бағалау (2 минут)
Оқушылардың жұмысы бағалау жетондары мен жауаптарының сапасына қарай қорытындыланады.
Қорытынды өлең жолдары
Физика пәні қиын емес балаға,
Білім іздеп, ғылым қуған данаға.
Зейін қойып тыңдасаңдар, балалар,
Физика пәні жарық болып жағылар.
Ұлы айқаста жауды жеңіп кеттіңдер,
Бұл жеңіске зор еңбекпен жеттіңдер.
Үлес қосқан талапкерге бүгінгі …