Отбасы - киелі ұғым

Әдептілік пен адамдық

Әдептілік — мол мұра. (Шығыс даналығы)

Арманға беріліп ұйықтап қалмай, болашаққа мақсат қойып ояныңыз. «Қолымнан келмейді» деп шегінуден емес, тәуекел ете алмаудан қорқыңыз. (Макс Фрай)

Қиындық — өсудің белгісі

Тәжірибем көрсеткендей, егер адамдар саған қарсы бір нәрсе істесе, түбінде ол саған пайда әкеледі. (И. Ганди)

Поезд, әрине, қайта келеді. Бірақ аялдамада мүлде басқа адамдар болады.

Есіңде сақта: өмір — дөңгелекті арбаға мініп бара жатқандай. Егер қиындықтар кездессе, оны «қырға көтеріліп бара жатырмын» деп қабылда.

Арман, үміт және сенім

Отбасы, ақшасы, баспанасы жоқ адам — кедей емес. Арманы жоқ адам — кедей. (Сократ)

Есіңде ұста: сенімен бірге болуды қалаған жан міндетті түрде бір жолын табады.

Жаратушы өзіне сенген жанды құр қалдырмайды: армандағанға үміт сыйлайды. Иман келтіргендер оның кереметін сезінеді.

Адамдар, қарым-қатынас, қадір

Таңғалатыным — мені ыңғайсыз жағдайға қалдырғысы келетін адамдар, сондай жағдайға өзі түскенде, ұялмастан шамданады.

Ең қиын сәтте де сізді езу тартуға көндіре білген адамды бағалай біліңіз. Өйткені ол жүрегіңізге жол таба білді.

Кезінде жақсы көрген адам туралы жаман сөйлемеңіз.

Бір кезде жүрегіңізден орын берген адамды оңай шығарып тастай алмайсыз: жүректе оның әрқашан бос орны қалады.

Ұстаным мен жауапкершілік

Шекара

Бөгденікін алма, өзіңдікін берме! (Араб даналығы)

Өзіңнен баста

Өзгелерді қайтесің? Өзің адам деген атқа лайықты бол!

Сөз бен қадір

Сөзінде тұра алмаған адам құрметке лайық емес.

Көзқарас

Әлемге көзқарасыңыз қандай болса, өмір сізге дәл солай жол тартады.

Отбасы туралы

Отбасы — киелі ұғым.

Дайындаған: Жадыра