Шегіртке мен құмырсқа Абайдың Крыловтан аударған мысалы
Сабақ тақырыбы
«Шегіртке мен құмырсқа» — А. Құнанбаевтың И. В. Крыловтан аударған мысалы.
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
- А. Құнанбаев пен И. В. Крылов туралы қысқаша мәлімет беру.
- Крыловтың Абай аударған мысалдарын еске түсіру.
- Мысалдардан алынатын ғибратты көрсету.
- «Шегіртке мен құмырсқа» мысалының мазмұнын және тәрбиелік мәнін ашу.
- Мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
- Жәндіктердің мінез-құлқы арқылы адам бойындағы жақсы және жағымсыз қасиеттерді танып, баға беруге үйрету.
2) Дамытушылық
- Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.
- АКТ көмегімен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Өлеңді түсініп оқуға машықтандыру, сөздік қорын молайту.
3) Тәрбиелік
- Еңбекқорлыққа баулу.
- Жалқаулық пен еріншектіктен аулақ болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Пәнаралық байланыс
Орыс әдебиеті.
Көрнекіліктер
- А. Құнанбаев пен И. В. Крыловтың суреттері
- Флипчарт, интерактивті тақта
- Өлең мәтіні (екі тілде) — қағаз нұсқасы
- Ақындар туралы қысқаша мәліметтер
- Карточкалар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сәлемдесу және психологиялық дайындық.
Хормен айтылатын шумақ:
Қайырлы күн, қонақтар,
Қайырлы күн, достым!
Ашық аспан болсын!
Бейсенбінің күні сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз —
Кілең «бестік» болсын!
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: А. Құнанбаев пен И. В. Крыловтың өмірбаянын оқып келу. Тексеру кезінде мұғалім екі тәсілді қолданады: «Картография» және «Пирамида» тірек-сызбасы.
1-топ тапсырмасы
А. Құнанбаев туралы «Картография» сызбасын құрастыру.
2-топ тапсырмасы
И. В. Крылов туралы «Пирамида» тірек-сызбасын толықтыру.
Оқушыларға мәтіндер таратылады: қажетті мәліметтерді іріктеп, A3 форматындағы сызбаларды толықтырады және қорғайды (презентация арқылы көрсетіледі).
III. Жаңа сабақ
Мұғалім сұрағы: «Екі ақынды әдебиеттің қай жанры байланыстырады?»
Оқушылар жауабы: мысал жанры.
I топқа сұрақ
Мысал туралы не білесіңдер?
II топқа сұрақ
Абайдың Крыловтан аударған қандай мысалдарын білесіңдер?
Сабақтың негізгі бағыты
- Мысалдағы жәндіктердің іс-әрекетін бейнелеп, пікір алмасу арқылы түсіну.
- Айтылған ойдан ғибрат түю және қорытынды жасау.
- Кейіпкерлер мінезі арқылы адам бойындағы жақсы мен жаманды ажырату.
Оқылым
Мұғалім оқушыларға мысал өлеңнің екі тілдегі мәтінін таратады. Флипчарт көрсетіледі. Өлең мұғалімнің мәнерлеп оқуымен таныстырылады.
1-тапсырма: «Аударма технологиясы»
Мысал ішінен берілген өлең жолдары мен сөз тіркестеріне орыс тіліндегі баламасын табу. Жауаптар кестеге толтырылады. Кестені аяқтаған соң, әр топ өз нұсқасын таныстырып шығады.
Автор туралы белгі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, БЭСТ гимназиясы.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Садырова М. Қ.