Армысыздар құрметті қонақтар, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым
«Тәуелсіздік – бақытым» интеллектуалды-танымдық ойыны
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған бұл ойын балалардың білім деңгейін анықтауға, ойлау қабілетін дамытуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға және жан-жақты дүниетанымын кеңейтуге бағытталған.
Негізгі мақсат
Ой ұшқырлығын арттыру, оқуға ынталандыру, ұлттық сана мен отансүйгіштік құндылықтарын тереңдету.
Тәрбие бағыты
Тәуелсіздігіміздің мәңгілігіне адал қызмет ететін, білімді, батыл, намысты, интеллекі жоғары ұрпақ тәрбиелеу.
Шақыру
Өз Отанын сүюге, туған ел тарихын, батыр тұлғаларды тануға, елдік рухты қадірлеуге үндеу.
Көрнекіліктер
- Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың суреті
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сурет көрмесі
- Нақыл сөздер жазылған плакаттар
- Слайд-шоу
Құрал-жабдықтар
Кіріспе сөз
Жүргізуші
Армысыздар, құрметті қонақтар, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! «Гүлдер» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен ұйымдастырылған, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік – бақытым» интеллектуалды-танымдық ойынына қош келдіңіздер!
Ойдың өзегі
Тәуелсіз Қазақстанның тарихы — отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің мәнін дәлелдейтін тамыры терең шежіре. «Елім, жерім, Отаным» деген қасиетті ұғым әр адамның өз үйінен, отбасынан, қаласынан, өлкесінен басталады. Ұлттық сана ұрпақ бойынан көрініс тауып, ақыл мен жүректе туған жерге сүйіспеншілік орнықса, бұл — еліміздің тұрақты дамуына және беделді мемлекеттер қатарына ұмтылуына берік негіз.
Бүгінгі ойын да осы құндылықтарды айшықтайды. Тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары — білімге құштар, елін сүйетін өрендер екендеріңіз анық. Ендеше, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық.
Қатысушы топтар
Ұлан тобы
Құрамы: 6 оқушы
Ұраны
Ұлан алға, биікке самға, ешқашан қалма!
Тарлан тобы
Құрамы: 6 оқушы
Ұраны
Арыстан жүректі тарландар,
Алыстан самғайтын қырандар.
Біз ғана боламыз —
Жеңіске лайық тарландар!
Әділқазы алқасы
- Меңгеруші: Тамара Молдашқызы
- Әдіскер: Айтолқын Әділханқызы
- Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Әлия Бақтыгерейқызы
Ойын құрылымы: 8 кезең
Ойын ережелерімен танысып, қатысушыларға сәттілік тілейміз. Ашылу рәсімінде Әнұран орындалады.
Жүргізушінің тілегі
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды — кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болсын — келе берер!
-
1-кезең: Таныстыру
Топтың аты мен ұраны.
-
2-кезең: «Тез ойла»
Ойын алдындағы қыздыру: 10 сұрақ.
-
3-кезең: «Сен білесің бе?»
Еліміздегі батыр аға-апаларымыздың бейнесін тану.
-
4-кезең: «Әріптер әлемі»
Отан, Отау, Атырау, Астана тақырыптары.
-
5-кезең: «Поэзияға саяхат»
Тақпақтар сайысы.
-
6-кезең: «Мақал — сөздің мәйегі»
Отан туралы мақал-мәтелдер жарысы.
-
7-кезең: «Мерген»
Дротикпен шар ату сайысы.
-
8-кезең: «Ән шырқайық»
Екі топ патриоттық әндер орындайды: «Көк тудың желбірегені» және «Қазақстан — бақытты».
2-кезең: «Тез ойла» (сұрақтар)
Бұл кезеңде ойыншыларға 10 сұрақ қойылады. Жауапты тез әрі нақты айту қажет. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Ұлан тобы, іске сәт!
-
1) 16 желтоқсан қандай мереке?
-
2) Ата кімнің әкесі? (Әкемнің әкесі.)
-
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай? (Қазақ тілі.)
-
4) Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Екіге: дауысты және дауыссыз.)
-
5) Көже қай мерекеде пісіріледі?
-
6) Ағаштың басында 5 құс отыр еді. 2-еуі ұшып кетті. Неше құс қалды?
-
7) Есепті қай пәннен үйренеміз?
-
8) Аю қашан ұйықтайды? (Қыста.)
-
9) Астана қаласының символына айналған ғимарат қайсы? (Бәйтерек.)
-
10) Екі қоянда неше құлақ бар? (Төрт.)