Тіл деген сөз

Сабақтың бағыты

Бұл материал — «Тілімнің ертеңі – елімнің ертеңі» тақырыбындағы пікірсайыс сабағына арналған әзірлеме. Негізгі идеясы — ана тілінің қадірін арттыру, оны күнделікті өмірде табиғи қолданысқа енгізу және ойды мәдениетті түрде жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаты

  • Тыңдаушылардың ана тілінде таза сөйлеуге қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту.
  • Заман талабына сай ана тілін туғаннан білу қажеттігін ұғындыру, өзге тілді үйренудің маңызын түсіндіру; ойды мәдениетті тілмен жеткізіп, пікір алмаса білуге дағдыландыру.
  • Ана тілін тек сабақта ғана емес, күнделікті тұрмыста, қызметте тұрақты қолдануға насихаттау.

Эпиграф: «Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені — мен қазақтың баласы!»
— Қ. Аманжолов

Сабақтың басталуы: танысу және топқа бөліну

Қатысушылармен қысқа танысу жүргізіледі: әр тыңдаушы атын және бір жақсы қасиетін айтады. Қасиет өз есімінің бірінші әрпінен басталса — тіпті жақсы.

Мысал: «Менің атым Ардақ, мен адалмын».

Негізгі іс-әрекетке көшпес бұрын тыңдаушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ конверттің сыртындағы суретке қарап атау таңдайды: «Шаңырақ» және «Қыран».

I тапсырма: «Сөз мерген»

Шарты

Әр топ бір конверттен таңдайды. Конверттің ішінде орысша сөздер жазылған парақшалар болады. Топ мүшелері сөздерді жылдам аударып, олардың бірінші әріптерінен сөз құрайды. Сол шыққан сөздерден қанатты сөз немесе мақал құрастыру қажет.

Ереже

Қанатты сөздің құрамындағы сөз саны парақша санына тең болады: I конверт — 6 парақша (сын есімдер), II конверт — 5 парақша (зат есімдер).

Ұсынылатын мақалдар

  • «Бал тамған тілден у да тамар»
  • «Ана тілі алпыс тілге татиды»

I конверт (сын есімдер)

№1 парақша

Знающий, Верный, Должностной

№2 парақша

Успешный, Драгоценный, Добрый (милосердный), Ученый, Знаменитый, Гордый

№3 парақша

Природный, Деловой, Подходящий, Мудрый, Трудолюбивый, Настоящий

№4 парақша

Пессимист

№5 парақша

Одаренный, Гражданин

№6 парақша

Родной, Золотой, Хвастун, Умный, Официальный

II конверт (зат есімдер)

№1 парақша

Небо, Честь, Гуманизм

№2 парақша

История, Жемчуг, Должность, Дело

№3 парақша

Информация, Планерка, Квартира, Посуда, Доверие

№4 парақша

Дружный след, Мутная вода, Цветок, Экзамен

№5 парақша

Судьба, Инструмент, Волна, Хозяин, Проспект, Примета

Екі мақалда да ортақ тірек болып тұрған қандай сөз? «Тіл». Бұл — халықпен бірге жасайтын, ешқашан ескірмейтін, мәңгілік ұғым. Бүгінгі сабақтың тақырыбы да осы ойдан туындайды: «Тілімнің ертеңі – елімнің ертеңі».

Кіріспе сөз

«Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!»
— Ә. Тәжібаев

Тіл — ұлттың өзегі

Тіл — қай елде де қастерлі құндылық. Ол әр адамға ана сүтімен бірге дарып, тұлғалық болмысты қалыптастырады. Әр ұлттың ең қасиетті белгісі — оның ана тілі. Тіл байлығы — ұлттық мақтаныш, атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра.

Құқықтық негіз және азаматтық жауапкершілік

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабының 1-тармағында мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп айқындалған. Бұл қағида «Тіл туралы» заңда және мемлекеттік бағдарламаларда жүйелі түрде көрініс тапқан. Азаматтық парыз — заң талаптарын тұрақты жүзеге асыру, туған тілдің абыройын асқақтату.

Көп тіл білу және басымдық

«Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің» деген қағида орынды. Алайда ең әуелі өз еліңнің мемлекеттік тілін білу — міндет. Қазақ тілі — аса бай тіл. Соған қарамастан, ана тілін екінші орынға ысырып, өзге тілде сөйлейтіндер де кездеседі.

Тілден ажыраудың салдары

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Туған тілге сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс: айналаны тану — алдымен туған тілді танудан басталады.

Сабақ пікір алмасу форматында өтеді. Сондықтан ойымызды жинақтап, сөзімізді көркем әрі нақты жеткізу үшін алдымен бірнеше ой қозғау тапсырмаларын орындаймыз.

I кезең: «Сөз атасы — мақал»

Шарты: берілген мақал-мәтелді жалғастыру.

I топ

  1. Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл.
  2. Әдеп пен тәртіп тілден басталар.
  3. Тіл — қылыштан да өткір.
  4. Тіл мәртебесі — ел мәртебесі.
  5. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

II топ

  1. Шебердің қолы — ортақ, шешеннің тілі — ортақ.
  2. Тіл жоқ жерде — ұлт жоқ.
  3. Өнер алды — қызыл тіл.
  4. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
  5. Жылататын да — тіл, жұбататын да — тіл.

Сергіту: «Езутартар»

Қызықты логикалық сұрақтар арқылы көңіл сергітіп, ой ұшқырлығын арттырамыз.

Негізгі бөлім: пікірсайыс

Енді сабақтың негізгі іс-әрекетіне — пікірсайысқа көшеміз. Бірінші сұрақ бойынша әр тыңдаушы өз ойын ортаға салады:

«Сіздің ойыңызша, өзіңізді қоршаған ортада мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы қандай?»

  • Отбасында қай тілде сөйлесесіздер?
  • Достарыңызбен бас қосқанда тілекті қай тілде айтасыздар?
  • Жұмыста (қызметте) қай тілде сөйлейсіз?

Ойды шыңдау

Тыңдаушылардың пікірлері тыңдалғаннан кейін ойлау қабілетін тереңдету мақсатында грамматика тақырыбы бойынша жұмбақ жасырылады.

Автор туралы мәлімет

Өңір

Ақмола облысы, Бурабай ауданы

Мекеме және автор

Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы — Мадиева Айман Кәрібайқызы