Компьютер жадының қандай түрлерін білесің
Мақсаты
Білімділік
Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен, енгізу және шығару құрылғыларымен таныстыру. Дербес компьютердің негізгі шығару құрылғысы — монитор, сондай-ақ пернетақтаның арналуы, таралуы және онымен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіру. Әртүрлі алфавиттік-цифрлық ақпаратты енгізуді көрсету.
Дамытушылық
Қазіргі қоғамда компьютерді қолдануға байланысты оқушылардың білімін дамыту. ЭЕМ-ді қолдану салалары туралы ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік
Жаңа ақпараттық технологияларды оқу үдерісінде тиімді қолдануға, мәдениетті ойлауға, жауапкершілікпен әрекет етуге тәрбиелеу.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар
Оқушылар білуі тиіс
- Компьютердің ішкі құрылғыларына қандай құрылғылар жататынын.
- Енгізу және шығару құрылғыларын.
- Монитордың сипаттамаларын, арналуын және құрамдас бөліктерін.
- Пернетақтаның міндетін, пернелердің негізгі топтарын.
- Алфавиттік-цифрлық таңбаларды енгізу тәсілдерін және арнайы пернелердің негізгі функцияларын.
- Пернетақтамен жұмыс істеу техникасының ережелерін.
- Пернетақта схемасын, меңзердің анықтамасы мен міндетін.
Оқушылар үйренуі тиіс
- Пернелердің негізгі топтарын және арнайы пернелерді дұрыс қолдануды.
- Пернетақтамен дұрыс жұмыс істеуді.
- Меңзердің орнын анықтауды және оны басқаруды.
- Қолды пернетақтада дұрыс орналастыруды және он саусақпен теруді.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, сынып журналына белгі қою.
II. Үй тапсырмасын сұрау
- 1 Компьютер құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар.
- 2 Жүйелік блок дегеніміз не?
- 3 Процессор дегеніміз не?
- 4 Жедел жад дегеніміз не?
- 5 Компьютер жадының қандай түрлерін білесіңдер?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Дербес компьютерде (ДК) процессор мен жедел жадтан басқа құрылғылардың барлығы сыртқы құрылғылар болып саналады. Оларға монитор, пернетақта, принтер, тінтуір (маус), модем және т.б. жатады.
Қосылу тәсілі
Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар арқылы — адаптер немесе контроллер көмегімен жалғанады.
Жүйелік блоктың рөлі
Жүйелік блокта ДК-дің негізгі құрылғылары жинақталады. Ол деректерді өңдеуді, электр қуатымен қамтамасыз етуді және қосымша құрылғыларды қосуды іске асырады.
Дисплей (монитор)
Дисплей (монитор) — компьютер экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні жағынан ол кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсас болғандықтан, жиі монитор деп аталады.
Мониторды жиі «компьютердің көзі» деп сипаттайды: ол компьютердің жұмысы туралы қажет мәліметті экран арқылы көрсетіп отырады.
Құрамы
- электронды-сәулелік түтікше;
- қоректендіру блогы;
- сәулені басқарушы электрондық блок.