Поэзия өлеңі

Қазақ поэзиясының Хантәңірі — Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кеші

Армысыздар, құрметті қауым! Ұстаздар мен оқушылар, қадірменді жырсүйер жұртшылық! Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен көпшіліктің ықыласына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған поэзия кешіне қош келдіңіздер.

Ақын сөзі

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.

Ақын көзі тірі болса, ақпан айының тоғызы күні 81 жасқа толар еді.

Өмір жолы және шығармашылық белестері

Мұқағали Мақатаев орта мектепті тәмамдағаннан кейін ауылда түрлі қызметтер атқарды: ауыл хатшысы болды, «қызыл отаудың» меңгерушілігін жүргізді, комсомол комитетінде еңбек етті. 1949 жылы Лашын апамызбен шаңырақ көтеріп, отбасын құрды.

Отбасында Алмагүл, Шолпан есімді қыздары, Айбар, Жұлдыз есімді ұлдары дүниеге келді. Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, ақынның жүрегіне өшпес жара салды.

1954–1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. 1962–1972 жылдары «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972–1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.

Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында шығатын «Советтік шекара» газетінде жарияланды. Шығармаларының өзегі — туған елге, халқына деген сүйіспеншілік, адамға деген мейірім, өмірге құштарлық. Көптеген өлеңдеріне ән жазылды. Дантенің, Шекспирдің туындыларын қазақ тіліне аударған. Мұқағали Мақатаев 1976 жылы 27 наурызда дүниеден өтті.

Арнау

Жыр кеңістігі — шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып, сағындырып біздерді,
Хантәңірідей биіктеп сен барасың.

Кеш бағдарламасы

1) Мәнерлеп оқу

Ақын жырларын әсерлі, нақышына келтіре оқу.

Ащы жырым құйылса өтке барып,
Ашырқанып, алайда, сөкпе, халық.

2) Балаларына арналған өлеңдер

Әкелік үміт пен өсиетке толы жолдар.

Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!

3) Ән орындау

Ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау.

Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер?!

4) Қорытынды ой

Ақындық биікке ұмтылыс пен аманат.

Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған.

Марапаттау

Кеш соңында ән орындаған және мәнерлеп оқыған оқушылар марапатталады.

Кеш жүргізушісінің мәтіні (үзінді)

Мұқағали поэзиямен қалай сырласқанын тыңдайық. Оның өлеңдерінен жан қуаты да, өмірдің ащы шындығы да, үміт пен сағыныш та қатар сезіледі.

Естелік пен толғаныс

Ұлы ақын жайындағы естеліктерді оқи отырып, бірде қуанасың, бірде мұңаясың. Мұқағали өмірдің қыр-сырына қанық, рухы биік жан еді. «Жазылар естеліктер мен туралы» деген ойы да тегін айтылмаған.

«Шеше, сен бақыттысың» өлеңінің туу тарихы

Ақын бір түс көреді: түсінде анасы ақ жаулығымен Абай атамыздың қасынан қуана басып, өзіне күліп келе жатқандай болады. Оянып, ұзақ толғаныстан кейін «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.

Өлең туралы ой

Қазынам бар — біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді-ау бермесем, берсем бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?

Мұқағали қазынасы — өлең. Досы да — өлең.

Оқылатын шығармалар тізімі

Төмендегі шығармалардан мәнерлеп оқу және үзінділер орындау ұсынылады:

Автограф
Мен таулықпын
Махамбеттер, Абайлар
Әй, өмір
Қара өлең
Жүрек арызы
Пай-пай, өмір
Күрсінбеші
Барлығы да сендердікі
Өмір жайлы
Әке, әкеме
Ей, өлең
Елім барда
Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен
Менің мақсатым
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін
Үш бақытым
Шыда, шыда
Қарасаз
Жырласам ба екен?
Жастық
Ажалға
Өзгереді
Дәрігерге
«Аққулар ұйықтағанда» (эпилог)
Халыққа хат

Ескерту

Орындаушылардың аты-жөні мен сыныбы іс-шара сценарийіне алдын ала нақтылап енгізіледі.

Дереккөз

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 мектеп кітапханашысы — Қоңырбаева Закира Әбенқызы.