Ғұндардың тұрмысы
Сабақтың мақсаттары
Білім беру мақсаты
Ғұндардың тұрмысы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы туралы білім беру.
Дамытушылық мақсаты
Ғұндар тарихының даму ерекшеліктері мен маңызын ашып көрсету; оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Қазақ даласын мекендеген ғұн тайпасының әлемдік деңгейдегі үлесін және Атилланың ерлігін мысалға ала отырып, Отанды қорғауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Карта
- Схема
- «Иә — Жоқ» ойыны
Сабақтың форматы
- Ізденіс сабағы
- Ой қозғау, іздену, мәселені шешу
- Ойталқы
- Топтық жұмыс (Jigsaw әдісі)
- «Автор орындығы»
- Ұқсату
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
- 1 Адамзаттың өткен тарихын заттай тарихи мұралар арқылы зерттейтін ғылым қалай аталады?
- 2 Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі қайсы?
- 3 Қазақстан жерінде өмір сүрген ең алғашқы тайпалар қандай?
Үй тапсырмасын сұрау (Jigsaw-1)
Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ «отбасы» ретінде ұйымдастырылады, кейін оқушылар «отбасы мүшелері» рөлінде жұмыс істейді. Берілген сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап берген топтарға белгі ретінде дөңгелекшелер беріліп отырады.
«Автор орындығы»
«Мен — Еділ патшамын» тақырыбында бір оқушы шығып, Еділ (Атилла) өмірінен қысқа сахналық көрініс көрсетеді.
Жаңа сабақ
Тақырып: Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы.
II. Мағынаны ажырату
Білімді кеңейту және тақырыпты ашу үшін оқушылар нөмірленіп, қайта топтасады: 1-нөмірлер — 1-топқа, 2-нөмірлер — 2-топқа, 3-нөмірлер — 3-топқа жиналады. Бұл — олардың «жұмыс орны». Мұнда әр топқа мәтіннен тақырыпшалар беріліп, оқып шыққаннан кейін ортақ талқылау жүргізіледі. Кейін оқушылар бастапқы «отбасына» оралып, өз бөлімін топ мүшелеріне түсіндіреді.
1-тапсырма
1-топ
Ғұндардың тұрмысы
1-тапсырма
2-топ
Қоғамдық құрылысы
1-тапсырма
3-топ
Ғұндардың мәдениеті
III. Ой-толғаныс
2-тапсырма
Ұқсату: мәтіннен өз өмірлерімен байланысты тұстарын тауып, дауыстап оқып береді және қысқаша түсіндіреді.
3-тапсырма
«Иә — Жоқ» ойыны: төмендегі тұжырымдарға сәйкес дұрыс жауапты таңдаңыз.
- Ғұндар кезеңі б.з.б. III ғасыр мен б.з. IV ғасыр аралығын қамтиды. А) ИәӘ) Жоқ
- Ғұн билеушісін «хан» деп атаған. А) ИәӘ) Жоқ
- Ғұн мемлекетінде ру саны — 24. А) ИәӘ) Жоқ
- Цин патшалығы сақтардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. А) ИәӘ) Жоқ
- Шаньюйден кейінгі басты тұлға — түменбасы. А) ИәӘ) Жоқ
- Халықтардың ұлы қоныс аударуын бастаған — сақтар. А) ИәӘ) Жоқ
- «Атилла» операсын жазған итальян композиторы — Джузеппе Верди. А) ИәӘ) Жоқ
- Ғұндар бұйымдарының бетіне түрлі-түсті заттарды жапсыруы — «аң стилі». А) ИәӘ) Жоқ
- Еуропада Атилла ғұн империясын қазіргі Венгрия жерінде құрған. А) ИәӘ) Жоқ
- Ғұндардың негізгі өмір салты — көшпелі өмір. А) ИәӘ) Жоқ
Сабақты бекіту
Топтастыру: «Ғұндар» тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды кластер түрінде жинақтау.
Үй тапсырмасы
«Құдіретті Ғұн империясы» тақырыбында шығарма жазу.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлдігі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.