Өкіреді өзен тасуы, Қаңқылдайды - қаз кепті

Сабақтың тақырыбы

Көктемде. І.Жансүгіров «Көктем жыры». М.Хакімжанова (ашық сабақ)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Өлең жолдарын мәнерлеп оқу арқылы оқушылардың ұғымы кеңейеді. Көктем мезгіліндегі табиғи өзгерістерді, белгілерді және ерекшеліктерді анықтайды.

Дамытушылық

Оқушылар өз ойын дәлелді түрде еркін жеткізеді. Топта бірлесе жұмыс істеп, бірін-бірі үйретеді, тыңдайды, пікірлеседі, белсенді қатысады. Ой-өрісі кеңейіп, сөздік қоры молаяды.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың типі
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі
Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілікпен жұмыс
  • Әңгімелеу
  • Топтастыру
  • Ой шақыру

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Интерактивті тақтадағы слайдтар

Сабақтың барысы

  1. I

    Ұйымдастыру

  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру

    • Әңгіменің мазмұнын сұрау
    • Сұрақтарға жауап беру
    • «Үйрен жақсы әдетті» тақырыбында әңгімелеу
  3. III

    Актуалдау

    Ағаш отырғызу жұмыстары қай кезде жүргізіледі?

  4. IV

    Жаңа сабақ

    Тақырып: «Көктемде». І.Жансүгіров «Көктем жыры». М.Хакімжанова.

    І.Жансүгіров туралы

    Ілияс Жансүгіров (1894–1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

    М.Хакімжанова туралы

    Мәриям Хакімжанова — қазақ ақыны.

    Өлең мәтіні

    Көктемде Жауын жауып, жасылы Жарқылдайды — жаз келді. Өкіреді өзен тасыған, Қаңқылдайды — қаз келді. Ширады шымайт, шаң шықты, Құрғады құмайт, саз келді. Төңірек ашық, тұман жоқ, Көктен нұрын күн септі. Торғайда, көлде той қылып, Қаптады құстар жер-көкті. Ауылдың малы балалап, Айран шықты аз-көпті. Манаурап мал, жан жадырап, Жан-жануар мәз болыпты.