Альтернативті сабақ

Математика (3-сынып)

Сабақтың тақырыбы: үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу туралы түсінік беру.
  2. Есептеу мен есте сақтау қабілетін, ой-өрісін және өз бетінше тапсырма орындау дағдысын дамыту; ұқыпты әрі ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
  3. Адамгершілікке және достыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
Альтернативті сабақ
Сабақтың типі
Жаңа білім беру
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, проблемалық әдістер

Пәнаралық байланыс және көрнекілік

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, қазақ тілі, еңбекке баулу, дүниетану

Көрнекіліктер

Оқулық, жауқазын гүлі, слайдтар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Сабаққа назар аударту

Балалар, қазір математика сабағы. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарыңды дайындап, оқушы ережесіне сай түзу отырайық. Бүгін сабағымыз ерекше: сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр. Алаңдамай, еркін жұмыс істеңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Барлығыңа сәттілік!

2) Психологиялық дайындық

«Шаттық шеңберін» құрып, бір-бірімізге жақсы тілектер айтамыз.

Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде.

3) Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма: №6. Бірнеше оқушы оқиды, қалғандары тексереді.

4) Өткенді қайталау (тест)

1-сұрақ

Өрнек түрінде жаз: x пен 7-нің көбейтіндісіне 630-дың 7-ге бөліндісін қос.

  • а) x*7 − 630*7
  • ә) x*7 + 630:7
  • б) x*7 + 630 − 7

2-сұрақ

Күрделі теңдеуді тап.

  • а) x + 5 = 15*2
  • ә) x − 10 = 30
  • б) 10 + 5 = 15

3-сұрақ

Амалдарды орындап, өрнектің мәнін тап: 15:3 + 20

  • а) 35
  • ә) 13
  • б) 25

4-сұрақ

Қабырғалары 4 см, 5 см, 7 см болатын үшбұрыштың периметрін тап.

  • а) 2 см
  • ә) 15 см
  • б) 16 см

II. Жаңа сабақ

Мұғалім: Бүгін үстелдің үстінен бір хат тауып алдым. Ол сендерге арналған сияқты — ішінде бірдеңе бар. Мынау гүлдің бөлшектері екен. (Оқушыларға көрсету)

Хат мәтіні

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сіздердің сыныпқа үлкен өтінішпен келдім. Маған көмектерің қажет. Мен де сендер сияқты есептеуді және санауды үйренгім келеді. Мен жер бетіне құлпырып шыққым келеді. Маған көмектесіңдерші.

Мұғалім: Мені қандай гүл деп ойлайсыңдар? Көктемде алғаш күн күркірегеннен кейін шығатын гүл қалай аталады?

Оқушылардың жауабы

Жауқазын

Ендеше, жауқазын гүлінің жер бетіне шығуына көмектесейік.

Жауқазынның I тапсырмасы: жаңа тақырыпты түсіндіру

Бүгінгі тақырыбымыз: үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.

Мұғалім: Жауқазынға көмектесу үшін алдымен өз білімімізді тексеріп алайық. Жаңа сабақты бастамас бұрын көбейту кестесін еске түсіреміз.

Көбейту және бөлу (2-ге)

1*2 = 2
2:2 = 1
2*2 = 4
6:2 = 3
3*2 = 6
8:2 = 4
4*2 = 8

Мысал: 134 * 2

Санды разрядтарға жіктеу

134 саны:

  • 1 жүздік = 100
  • 3 ондық = 30
  • 4 бірлік = 4

Әр разрядты 2-ге көбейту

  • 100*2 = 200
  • 30*2 = 60
  • 4*2 = 8
Толымсыз көбейтінділер: 200 + 60 + 8 = 268

Баған түрінде көбейту

134
x 2
-----
268

Алдымен бірлікті, кейін ондықты, соңында жүздікті ескеріп көбейтеміз.

Кері амал: 268 : 2

Санды разрядтарға жіктеу

268 саны:

  • 2 жүздік = 200
  • 6 ондық = 60
  • 8 бірлік = 8

Әр разрядты 2-ге бөлу

  • 200:2 = 100
  • 60:2 = 30
  • 8:2 = 4
Толымсыз бөлінділер: 100 + 30 + 4 = 134

Неше толымсыз бөлінгіш шықты? 3.

Баған түрінде бөлу

268 ÷ 2 = 134

Бөлуді орындағанда жүздік, ондық, бірлік бойынша ретімен бөлеміз.