Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын айт

I кезең

Ұйымдастыру (2 минут)

Сәлемдесу және психологиялық дайындық

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыруға арналған қысқа өлең:

Күннен, жерден нәр алған
Біз — өмірдің гүліміз.
Сәрсенбінің сәтінде
Сәтті болсын күніміз.

Топқа бөлу

Оқушылар гүл шоқтары арқылы 4 топқа бөлінеді:

  • 1-топ

    Бәйшешек тобы

  • 2-топ

    Қызғалдақ тобы

  • 3-топ

    Раушан тобы

  • 4-топ

    Қалампыр тобы

II кезең

Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

410-жаттығу орындалуын тексеру, қателермен қысқа жұмыс.

III кезең

Жаңа тақырып (15 минут)

Сөздік диктант

Төмендегі сын есімдерді жазып, орфографиялық норманы сақтау:

дәмді аласа терең ойлы қызыл қауіпті жылы суық жақсы жаман қоңыр таза әдемі

412-жаттығу: мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып, сын есімдерді табыңыз. Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын айтыңыз.

Мүйізтұмсық

Мүйізтұмсық — ірі жануар. Оның мүйізі жіңішке талшықтардан құралған. Алайда мүйізтұмсықтың мүйізі өте қауіпті. Күндіз мүйізтұмсық аяқтарын айқастыра сұлап жатады да, айбарлы дыбыс шығарады. Ал түнде жайылымға шығады.

Оқулықпен жұмыс арқылы мысалдарды талдау.

413-жаттығу: бір зат есімге бірнеше сын есім

Берілген зат есімдерге қатысты бірнеше сын есім тауып жазыңыз:

Көше

кең, ұзын, таза

Көл

әдемі, терең, таяз

Сергіту сәті (2 минут)

«Көңілді күн» әуенімен қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Топтық жұмыс

Практикалық тапсырмалар

414-жаттығу (5 минут)

Суреттегі заттарды сипаттап айтыңыз (заттың түсі, түрі, көлемі, сапасы).

415-жаттығу (5 минут)

Ребусты шешіп, шешуіне байланысты сөйлем құрастырыңыз.

Жауап: Түзу

Дидактикалық ойын: «Адасқан сөздер»

Орны ауысқан сөздерден сөйлем құраңыз. Сын есімдерді тауып, ирек сызықпен сызыңыз.

  1. 1) Өсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл.

  2. 2) Балды, аю, ұнатады, қоңыр.

  3. 3) Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.

  4. 4) Қалаларда, метро, болады, үлкен.

IV кезең

Бағалау (4 минут)

«Мен қандаймын?» ойыны

Шарты: әр оқушы өз есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есімді есімінің алдына қойып айтады.

V кезең

Бекіту (2 минут)

Сұрақтар

  • Бүгін қандай тақырып өттік?
  • Нені үйрендік, нені білдік?
  • Нені білгіміз келеді?

VI кезең

Қорытындылау (2 минут)

Сын есім туралы не білеміз?

  • Сын есім заттың түрін, түсін, сапасын білдіреді.
  • Сын есімге қандай?, қай? сұрақтары қойылады.
  • Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.

Кері байланыс: стикерлер арқылы қысқа пікір қалдыру.

Қосымша материалдар

  • Толық нұсқасын жүктеу
  • Слайдын жүктеу