Табиғат құбылыстары

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мұғалім

С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Айжан Жакупова

Тақырып

Табиғат құбылыстары

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Жұмыс түрі

Топтық жұмыс

Қажетті құралдар

Оқулық, табиғат құбылыстары мен табиғи апаттардың суреттері

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

Мақсаты

  1. Оқушылардың табиғат құбылыстары туралы түсінігін кеңейту, білімін жүйелеу.
  2. Ерікті, тұрақты зейін қою дағдысын дамыту; топта жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
  3. Өзгені тыңдай білуге, алған білімді өмірде қолдануға, айналадағы адамдарды құрметтеуге және табиғатты сүюге баулу.

Күтілетін нәтижелер

Пәндік нәтижелер

Табиғат құбылыстарын біледі және ажырата алады.

Тұлғалық нәтижелер

Өз жерінің табиғатын, рухани және материалдық байлығын, сұлулығы мен көркемдігін сезінеді, қадірлейді және мақтан тұтады.

Жүйелі-іс-әрекеттік нәтижелер

Қосымша ақпаратты жинақтап, қажеттісін іріктеп алу білігін қолданады.

Өзекті сұрақ

Табиғат құбылыстары адам өміріне қауіпті бола ала ма?

Сабақ бойы талқылаулар мен тапсырмалар осы сұраққа дәлелді жауап құрастыруға бағытталады.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, сабаққа жағымды көңіл күймен кіріседі.

2) Білімді белсендіру: жұмбақтар

Оқушылар табиғат құбылыстары туралы жұмбақтарды шешу арқылы бұрынғы білімін еске түсіреді.

Дүрліктіріп қырқаны,
Шақпақ тастың жарқылы.
Бұлт көрпесін жыртады.
Жауабы: Найзағай
Шашылды көктен ақ моншақ,
Жоғалды біздер тапқанша-ақ.
Жауабы: Бұршақ
Мөлдіреген жүзімді,
Ұстап едім, езілді.
Жауабы: Шық
Шөпті жапырып,
Құмды сапырып,
Қоқысты үйіріп,
Әкеткен не шүйіріп?
Жауабы: Құйын

3) Сабақтың мақсаты мен міндетін қою

Мұғалім оқушылармен бірге табиғат құбылыстарын еске түсіреді және олардың маусымдармен байланысын анықтайды.

Мысалдар: жаңбыр, бұршақ, қар, боран, күннің күркіреуі, найзағай, шық, қырау, бұлт, тұман, жыл мезгілдерінің ауысуы, көктің шығуы, жапырақтың сарғаюы, мұздың қатуы мен еруі, күннің жылынуы және т.б.

Тапсырма: осы құбылыстарды өз мезгілдерімен сәйкестендіріңдер.

Сұрақ: бүгінгі сабақ не туралы? Жауап: табиғат құбылыстары.

Оқушыларды 4 топқа бөлу

1-топ

Жасыл түс — Көктем

2-топ

Қызыл түс — Жаз

3-топ

Сары түс — Күз

4-топ

Көк түс — Қыс

4) Жаңа материалды меңгеру

1. Топтық жұмыс

Әр топ өз мезгіліне тән табиғат құбылыстарының тізімін құрастырады. Топтар бір-бірінің жауабын тыңдап, толықтырулар енгізеді.

2. Оқулық мәтінімен жұмыс

Оқушылар мәтінді оқып, негізгі ойды бөліп алады, сұрақтарға сүйене отырып түсінігін нақтылайды.

3. «Ойлан, тап!» ойыны

Әр топ өздері бақылаған табиғат құбылыстарының бірін сипаттайды. Келесі топтың міндеті — сол құбылысты табу.

4. Талқылау

Табиғат құбылыстары адам өміріне қандай қауіп төндіруі мүмкін? Оқушылар мысалдар келтіріп, дәлелдейді.

5. Суреттермен жұмыс: табиғи апаттар

Әр топқа табиғи апаттардың суреттері таратылады: жер сілкінісі, сел, дауыл, қар көшкіні. Топтар мына сұрақтарға жауап береді:

  • Бұл құбылыс қалай аталады?
  • Неліктен қауіпті?
  • Зардабы мен салдары қандай болуы мүмкін?
  • Табиғи апат кезінде өзіңді қалай ұстау керек?

Көктем тобы

Селдің жүруі туралы әңгімелейді.

Жаз тобы

Дауылдың соғуы туралы әңгімелейді.

Күз тобы

Жер сілкінісі туралы түсіндіреді.

Қыс тобы

Қар көшкіні туралы баяндайды.

5) Білімді бекіту

  1. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
  2. Әр топ өз мезгілін бейнелейтін сурет салады.

6) Рефлексия

Мен үйрендім:

Мені таңғалдырды:

Мен білгім келеді:

7) Үй тапсырмасы

Дәптермен жұмыс: өзің қалаған жыл мезгілін қатыстырып, 1 шумақ өлең құрастыр.