Қыз баланың сұлулығы мейірімде, Арам ойы болмаса пейілінде

Қыз баланың сұлулығы иманында,
Бойына жақсы қасиет жыйғанында,
Анасының атына кір келтірмей,
Тәрбиемен ортаға сыйғанында.

Қыз баланың сұлулығы, жүргенінде,
Әдеппенен жымиып күлгенінде,
Өсек аяң, әңгімеден аулақ болып,
Орынын қай жерде де білгенінде.

Қыз баланың сұлулығы адалдығы,
Жан-жағына тимесе жамандығы,
Байқалмаса шық бермес сараңдығы,
Ең бастысы кішіпейіл адамдығы.

Қыз баланың сұлулығы батылдығы,
Анадан текті туған асылдығы,
Ата-ананың қадірін бағалайтын,
Ерке тотай, болмаса масылдығы.

Қыз баланың сұлулығы тәрбиесі,
Таза болса ары мен жандүниесі.
Ата-ана ақылын місе тұтса,
Айдан анық атына шаң тимесі.

Қыз баланың сұлулығы ұятында,
Тәлім алса қарашаңырақ ұясында,
Сабырлы боп кішіпейіл, қарапайым,
Қор болмайды өмір атты қиясында.

Қыз баланың сұлулығы көздерінде,
Инабатты, ибалы сөздерінде,
Болашақ жарыменен бақытты боп,
Айдынында қос аққудай жүзгенінде.

Қыз баланың сұлулығы шаштарында,
Қиылған қою қара қастарында,
Орныменен серуендеп достарымен,
Қырық үйден тыйым болса жас шағында.

Қыз баланың сұлулығы мейірімде,
Арам ойы болмаса пейілінде.
Ашық-шашық көрсетпей абыройын,
Қазақилық болса егер киімінде.

Қыз баланың сұлулығы білімінде,
Ойға түйген ортадан ілімінде,
Алла деп соғып тұрған жүрегінде,
Аналық пәктік болса сезімінде!!!

Авторы: Самал Балтабаев Таңбайұлы

Қыз баланың сұлулығы тыңдау

Бойыңызда мұндай өнеріңіз болса жазып салуға болады, сайтта жарияланатын болады.



Ұқсас жұмыстар

Имандылық туралы
Имандылық – бақыттың шыңы
Ғ.Мүсірепов туралы
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері жайлы
Қыз Жібек
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Қытай тілі жөнінде
Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз үлгілерін қолдану арқылы эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру
Араб-қазақ поэзияларындағы ғазал жанры
Абай және Шәкәрім: көркемдік дәстүр жалғастығы
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Баланың мектепке келу мәселесі
Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп-кассалық қызмет көрсетулер
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар