Ормандағы оқиға

Пән және сабақ туралы мәлімет

Пән аты
Ана тілі
Тақырыбы
Қ. Жармағамбетов — «Ормандағы оқиға»
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі
Сахналау

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Слайдтар
  • Магнитофон
  • Буклет

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Әдеби ертегілер туралы білімді жетілдіру, «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұнын ашу.

Тәрбиелік

Сыйластыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Сөйлеу тілін, қабілеттері мен шығармашылығын дамыту.

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Оқу құралдарын түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

А. Сейдімбек «Әйел — Ана» тақырыбы бойынша шығарма.

III. Жаңа сабақ: «Ормандағы оқиға»

1) Әдеби ертегі туралы

Әдеби ертегілер — авторы белгілі болғандықтан осылай аталады. Олар туған елді сүюге, адамгершілікке, шыншылдыққа үндейді.

2) Автор туралы қысқаша мәлімет

«Ормандағы оқиға» ертегісінің авторы — Қ. Жармағамбетов (1918–1974). Ол Қостанай облысында дүниеге келген. 1941 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогика институтын бітіріп, сол оқу орнында қызмет атқарған. Жазушылар одағы басқармасында жұмыс істеп, «Ара» журналының бас редакторы болған. Шығармалары: «Әнші-азамат», «Балладалар», «Мұғалима», «Дәурен», «Қызыл тал».

3) Сахналау арқылы түсіну

Кейіпкерлер

  • Қайың
  • Қараағаш
  • Сексеуіл
  • Тобылғы

Слайдпен жұмыс

Өсімдіктердің суреттері көрсетіліп, әрқайсысына қысқаша түсінік беріледі.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Ертегіден қандай ой түйдік?
  • Қараағаш пен Қайыңның достығын сақтап қалу үшін қандай ақыл айтар едіңдер?
  • Қай ағашқа жандарың ашыды? Неліктен?
  • Тобылғы не үшін мұндай әрекетке барды?

IV. Оқулықпен жұмыс

Жоспар құру

  1. Достыққа қастық
  2. Күйреген достық

Тізбектей оқу

Мәтінді кезекпен оқып, негізгі ойды табу және дәлелдеу.

Дәптермен жұмыс

Оқиғаға қатысатын кейіпкерлерге мінездеме беру.

V. «Автор орындығы» стратегиясы

  • Автордың ертегіні жазудағы мақсаты қандай?
  • Балалардың бойына қандай қасиеттерді дарытуды көздеді?
  • Сендер ертегіні қалай аяқтар едіңдер?

VI. Қорытындылау

Достық пен адамгершілік туралы ойды мақал-мәтелдер арқылы бекіту:

Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар.

Дос табу оңай — сақтауы қиын. Жау болу оңай — тоқтауы қиын.

VII. Бағалау және үй тапсырмасы

Оқушыларды бағалау

Сабақтағы белсенділік, жауаптың нақтылығы және сахналауға қатысу деңгейі ескеріледі.

Үйге тапсырма

  1. Ертегінің мазмұнын айту (қысқаша жоспар бойынша).
  2. Өзіңе ұнайтын ағаштың суретін салу.
  3. Достық және жақсы дос туралы шағын әңгіме жазу.