Баттал қай шығарманың кейіпкері
Сабақтың тақырыбы
Д. Қасенов — «Адалдық»
Мақсаты
Оқушыларға адалдық туралы түсінік беру және оның құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Міндеттері
Білімділік
- Адами қарым-қатынаста адалдықтың орны мен маңызын түсіндіру.
- Мәтін мазмұнын ашуға және оны жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Дамытушылық
- Адалдық ұғымын дұрыс түсіну біліктіліктерін дамыту.
- Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік
- Оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық
Балалар — гүлім менің,
Балалар — күйім менің.
Балалар — нұр сыйлайтын,
Бүгінгі күнім менің.
Осы сөздер арқылы балаларды өзіне қуат беретін шуақты күнге теңеп, «шуақты күн» төсбелгісін сыйлайды.
Кеудемдегі күн күлсін,
Бізге шуақ, нұр құйсын.
Мейірімді жан, өзіңмен,
Көңіліміз жайнап құлпырсын!
Осылайша, жақсы көңіл күймен сабақ басталады.
III. Үй тапсырмасын тексеру
- «Аяз бен Қыдыр» айтысын сахналау.
- «Табиғатта жаман кезең болмайды» тақырыбындағы эсселерді оқыту.
- Үй тапсырмасын қорытындылау.
IV. Жаңа сабақ
1) Қызығушылықты ояту
Кубизм әдісі арқылы өткен сабақпен байланыс жасалады. Тақырыптық ұғым ретінде «Адалдық» сөзі ұсынылады.
Сұрақтар
- Оқып жатқан бөліміміз қалай аталады?
- Бұл бөлімдегі шығармалар не туралы?
- «Ажалдан әркім-ақ бір өлер, ұяттан бір емес, күнде өлер» деген жолдар қай шығармадан алынған?
- Мақалды жалғастыр: «Жаманға шөп батады, …» (дұрыс жауабы: «Жақсыға сөз батады»)
- Баттал қай шығарманың кейіпкері? («Қазантаста»)
- «Диқан баба» аңызындағы негізгі ой қандай? (Бардың қадірін білу, еңбек етуге үйрену)
- М. Қуанышбековтің осы бөлімдегі әңгімесі неліктен «Өкініш» деп аталған?