Сөйлемнің түрлері. Хабарлы сөйлем
Қазақ тілі • 8-сынып • Жылдық күнтізбелік жоспар және күнделікті сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы
Сөйлем
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, шығармашылық ізденіс
Көрнекіліктер
Кеспе қағаздар, суреттер
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих
Сабақтың мақсаты
-
а
Сөйлем және оның түрлері туралы түсінік беру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
-
ә
Оқушының тіл байлығын дамыту; тілдік құрылымдарды өз бетінше талдап меңгерту; іс-әрекет пен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.
-
б
Ойлау мен сөйлеуді дамыту, сөздік қорын молайту.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Сынып тазалығына көңіл бөлу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын пысықтау
Үйге берілген тапсырма сұралады. Өткен тақырыптың меңгерілу деңгейін анықтау үшін бірнеше сұрақ қойылады.
Жаңа сабақты түсіндіру: «Сөйлем» ұғымы
Сөйлем — сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, белгілі бір дәрежеде тиянақталған ойды білдіруі.
Сөйлем адамдардың бір-бірімен түсінісуі, пікір алмасуы және қарым-қатынас жасауы үшін қажет.
Мысал (диалог)
— Оқып жүргеніңді Кенжетай айтып еді. Оқуларың бүгін басталды ма?
— Бүгін төрт сағат оқыдық. (С. М.)
Бұл үзіндіде екі адам сөйлесіп, қарым-қатынасқа түсіп, пікір алмасады. Сөйлесімде тиянақты ой білдіретін бірнеше сөйлем бар: алғашқы сөйлемде — Кенжетайдың айтқаны туралы ой, келесісінде — оқудың басталған-басталмағанын сұрау, соңғысында — жауап берілген.
Сөйлемнің басты белгісі
Сөйлем ең алдымен коммуникативтік қызметімен (қарым-қатынас құралы болуы, хабарлау) ерекшеленеді.
Сөз тіркесі мен сөйлемді ажырату
Сөйлем:
«Сүт пісірілді» — бастауыш-баяндауыш үлгісі бар, хабарлау үшін құралады.
Сөз тіркесі:
«Сүт пісіру» — атау үшін құралады, номинативтік қызмет атқарады.
Грамматикалық негіз: сөйлем болудың шарты
Сөйлем болуы үшін оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері (бастауыш пен баяндауыш) болуы керек.
Ескерту
Тілімізде сәлемдесу, алғыс айту, тілек білдіру, кешірім сұрау, мақұлдау/теріске шығару, эмоция білдіру, жалпы сұрақ пен жауап түріндегі айтылыстар жиі кездеседі (мысалы: «Кеш жарық!», «Кешіріңіз!», «Жаңа жылыңызбен!», «Иә, солай», «Бәрекелді!», «Бұл қалай?»). Алайда мұндай бірліктер өздігінен толық мәлімет бере алмайтындықтан, әрдайым сөйлем бола бермейді.
Жаттығумен жұмыс
10-жаттығу орындалып, сөйлемдерге синтаксистік талдау жасалады.
Білімді бекіту
Өтілген тақырып бойынша бірнеше сұрақ қойылады. Түсінбеген сұрақтарға қосымша түсіндіру беріледі.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үй тапсырмасы
Негізгі тапсырма
11-жаттығу.
Қайталау жоспары
6–60-сабақтар аралығын кезең-кезеңімен қайталау.
Қаралатын сабақтар топтамасы