Әдептілік әліппесі

Балалық тентектік

Мақсаты

  • Оқушыларды жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
  • Құқықтық сауаттылығын арттыру.
  • Рухы биік, дені сау тұлға ретінде дамыту.

Көрнекілігі

  • Абай мен Ыбырайдың портреттері.
  • Сынып ішіндегі оқушылардың суреттері.
  • Жеке бас гигиенасына қажетті заттардың суреттері.
  • Үнтаспа.

Шараның өту барысы

Бастаушының кіріспе сөзі

Ашық сынып сағаты · 1«А» сыныбы

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 1«А» сыныбының «Балалық тентектік» атты ашық сынып сағатына қош келдіңіздер. Оқушылар дайындаған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

Өлең жолдары

Балалар, оқуға барыңдар!

Жатпай қарап,

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жалтырап.

Даналыққа бастайтын жол

Балалар, бұл жол — басы даналыққа,

Келіңдер, түсініп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?!

Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

Ақындарымыз жырлағандай, осыдан бір ай бұрын — 1 қыркүйек күні — біз мектеп табалдырығын алғаш аттадық. Бүгінде бар кітапқа бас болған Әліппемен танысып, талай жаңа дүниені үйреніп келеміз.

Мектеп туралы шумақ

Мектеп, мектеп,

Төңіректеп

Жүруші едім мен кеше.

Сұраушы едім,

Жылаушы едім,

Әпкем кітап бермесе.

Міне, мен де

Үлкен болдым,

Жасым толды алтыға.

Кітаптағы ертектерді

Енді оқимын шетінен.

Оқушының сөзі

Мектебім — айтар әнім,

Сан рет қайталадым.

Өзіңнен алғанымды

Өзіңе қайтарамын.

Қонақтардың келуі: Зерделі және «Әдептілік әліппесі»

Зерделі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін осы сыныпта өтетін шара туралы естіп, арнайы келдім. Өзіммен бірге «Әдептілік әліппесін» ала келдім.

«Әдептілік әліппесі»

Жеміске құты тола ма,

Бір-бірлеп теріп алмасаң?

Әп-сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәніңді ойласаң?

Әдеп те солай, қарағым,

Біртіндеп сіңер бойыңа.

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Әдептілік — әлемнің

Басы болар әліппең.

Бастаушы: Балалар, өздерің көріп отырғандай, бүгін бізге қонаққа Зерделі мен «Әдептілік әліппесі» келіп отыр. Ендеше, қонақтарымызға өзіміздің әдепті әрі тәртіпті екенімізді көрсетейік.

Келесі көрініс

Осы кезде ішке Жалқаубек кіреді.