Жаңа сабақтың мазмұнын ашу

Сабақтың тақырыбы

Ақселеу Сейдімбек — «Бетпақдала».

Сабақтың мақсаты

Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу және мәтін мазмұнын меңгерту.

Білімділік

Оқушылардың білім деңгейіне сай тапсырмалар беру арқылы оларды шығармашылық ізденіске баулу.

Дамытушылық

Сөздік қорын молайту, ауызша сөйлеу дағдысын және жазба тілін дамыту.

Тәрбиелік

Жақсы мен жаманды ажырата білуге, үлкендердің ақылын тыңдауға үйрету. Туған жерді, табиғатты сүюге және қорғауға баулу. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Оқытудың күтілетін нәтижелері

  1. 1 Жаңа тақырып бойынша түсінік қалыптастырады.
  2. 2 Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіндіреді.
  3. 3 Өз пікірін жеткізе отырып тапсырмаларды орындайды.
  4. 4 Өз ойын еркін жеткізіп, сыни тұрғыдан талдай алады.

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

I. Ұйымдастыру

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру
  • Топқа бөлу
  • Оқушы зейінін сабаққа аудару
  • Мәтінді тарату
  • Деңгейлік тапсырмалар беру

Оқушының іс-әрекеті

  • Ережеге бағынады
  • Тапсырмаларды орындайды
  • Өзара және өзін-өзі бағалауға қатысады

Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма: Диалогтік оқыту

Топтар құстар тақырыбы бойынша білімін ортаға салады.

1-топ

Құстар туралы мақал-мәтелдер жазу.

2-топ

Құстар туралы жұмбақтар құрастыру.

3-топ

Құстардың дыбыстауы мен үні туралы айту.

2-тапсырма: АКТ қолдану

«Бетпақдала» сөзін бұрын естіген-естімегенін анықтау. «Ақсақ киік» өлеңінен үзінді айту арқылы тақырыпқа кіріспе жасау.

Жаңа сабаққа өтпелі сұрақ

«Бетпақдала» деген атау сіздерге нені елестетеді?

Бұл сұрақ оқушылардың алдыңғы білімін белсендіреді және мәтін мазмұнын саналы қабылдауға бағыттайды.

Жаңа сабақ: автор және мәтінмен жұмыс

Автор туралы

Ақселеу Сейдімбек Сланұлы (1942–2009) — Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы. Алғашқы әңгімелер жинағы — «Ақиық». ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Ой қозғау: INSERT әдісі

Мәтінді оқу барысында түртіп алу жүйесі қолданылады:

v — білемін
Алдын ала таныс ақпарат.
+ — жаңалық
Жаңа, қызық мәлімет.
? — түсіндіріңіз
Түсінбеген, нақтылауды қажет ететін тұстар.

Оқып болған соң, оқушылар түртіп алған жазбалары бойынша ой бөлісіп, дәлелдейді.

Сөздік жұмысы

Мәтін мазмұнын терең түсіну үшін негізгі сөздер талданады:

  • Нәубәт апат
  • Бөрі қасқыр
  • Бөлтірік қасқырдың төлі
  • Шым шөп қабаты
  • Құрық мал қайыруға арналған құрал

Оқу форматы

Мәтін рөлге бөліп оқылады, кейін сахналық көрініс арқылы мазмұн бекітіледі.

Топтық жұмыс: мәтінмен өз бетінше әрекет

1-топ

Мәтіндегі құстардың атауларын және түрлерін жазу.

2-топ

Мәтіндегі тышқандардың түрлерін жазу.

3-топ

Мәтінге қатысты мақал-мәтелдерді жазу.

Ой толғаныс

1) Топтастыру

«Хан» бейнесінің қасиеттерін анықтау:

кекшіл кінәмшіл ашушаң ақылсыз мазасыз қарияны тыңдамайды

2) Синквейн (5 жолды өлең)

1. Не? — Бетпақдала

2. Қандай? — Жері күйгін, шөбі сирек, малы семіз.

3. Не істеді? — Шөбін, жусанын жұлып, өртеді.

4. Не үшін? — Аяғына кіргені үшін және тышқандар маза бермегендіктен (көбейгендіктен).

5. Қорытынды ой — Бетпақдала туралы өлең әсерлі.

3) Венн диаграммасы

Бұрынғы және қазіргі Бетпақдаланы салыстыру, ортақ белгілерін анықтау.

1-топ

Бұрынғы Бетпақдала

  • Шөбі қалың
  • Малы семіз

2-топ

Қазіргі Бетпақдала

  • Тақыр, жарылған жер
  • Жері күйгін

3-топ

Ортақ белгілер

  • Дала атауы бірдей
  • Дала табиғаты бар
  • Қазақстанда орналасқан
  • Ауасы таза, табиғат құндылығы жоғары

Үй тапсырмасы

«Туған жер» тақырыбына шығарма жазу.

Сабақты қорытындылау

  • Бүгін қандай тақырып өттік?
  • Не үйрендік, не білдік?

Табиғаттағы тіршілік атаулы бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан табиғатты қорғау — ортақ міндет. «Табиғат — менің өз үйім» деген сөздің мәні осында.