Жас ұлан тобының көрінісі
Ауызекі сөйлесуде: ел ертеңі — жастар
Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі. — Жүсіп Баласағұни
Сайыстың мақсаты
- Білім алушылардың тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
- Шешендік өнерді жастар арасында насихаттап, күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру.
- Тез ойлап, жауапты тиянақты әрі жүйелі айтуға, көпшілік алдында еркін сөйлеуге баулу.
- Жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту.
Сайыс құрылымы
I кезең
Топты таныстыру.
II кезең
«Ойлы болсаң — озып көр» (сұрақ–жауап).
III кезең
«Деген екен» (билер мен шешендердің ұтқыр ойлары мен ұтымды жауаптарынан көрініс).
IV кезең
«Мақал — сөздің мәйегі» (аяқталмаған мақалдарды жалғастыру).
V кезең
«Тіл — шындық, тіл — айна» (тіл тазалығы, ұлттық құндылықтарды насихаттау тақырыбында сөз сайысы).
VI кезең
Бір әріптен басталатын сөздермен кім ұзақ сөйлей алады?
Жүргізушінің ашылу сөзі
Құрметті ұстаздар мен білім алушылар! Бүгінгі «Ауызекі сөйлесуде: ел ертеңі — жастар» атты өнер сайысына қош келдіңіздер!
Музыкалық сәлем.
Сайыскерлердің білімі мен шешендік шеберлігін бағалайтын қазылар алқасын сайлап алайық.
I кезең: Топты таныстыру
Әр топ өздерін таныстырып, қорғайды. Жауаптар 5 ұпайлық жүйемен бағаланады.
II кезең: «Ойлы болсаң — озып көр» (сұрақ–жауап)
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар, оның сырын ашқанға жұрт қызығар. Жауаптарын таба ма екен сайыскерлер? Сол себепті қоятын сұрақтар бар.
Әр топқа 15 сұрақтан беріледі. Әділқазылар алқасы әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан береді.
Сұрақтар топтамасы 1
-
Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды?
Жауабы: Бәйге
-
«Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар, ана тұрып қыз сөйлесе — бойжеткені болар» деп кім айтқан?
Жауабы: Сырым батыр
-
Үш бәйтерек дегеніміз кімдер?
Жауабы: Ілияс, Сәкен, Бейімбет
-
Үш балық деген не?
Жауабы: Денсаулық, ақ жаулық, он саулық
-
Ғарышта Абайдың қай әнін, қай ғарышкер орындады?
Жауабы: «Айттым сәлем, Қаламқас» — Т. Мұсабаев
-
«Қарабай, Сарыбаймен аңға шықты…» деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?
Жауабы: Қозы Көрпеш — Баян сұлу
-
Дыбысқа берілген шартты графикалық таңба бола ма?
Жауабы: Жоқ
-
«Піл көтермегенді тіл көтере ме?»
Жауабы: Иә
-
Шешендік сөз — дипломатия тәсілі ме?
Жауабы: Иә
-
Шығыста өткен жеті ғашық. Олар кімдер?
Жауабы: Ләйлі — Мәжнүн, Фархад — Шырын, Жүсіп — Зылиха, Бахрам — Күләнда, Сейпілмәлік — Жамал, Бозжігіт — Қарашаш, Зизді — Қорлығайын
-
Қорамсақ дегеніміз не?
Жауабы: Садақ жебесін салатын, белге байланатын ұялы оқ салғыш
-
Шешеңнің әкесі саған кім болады?
Жауабы: Нағашы ата
-
Жайлы қоныс — Жерұйық іздеуші жан?
Жауабы: Асан қайғы
-
Поэзияның асқар шыңы, жырының басы Қарасазда басталған кім?
Жауабы: М. Мақатаев
-
«Дала қоңырауы» атағына лайықты болған кім?
Жауабы: Ы. Алтынсарин
Сұрақтар топтамасы 2
-
Топ аттылар тартыс ойынын қазақта қалай атайды?
Жауабы: Көкпар
-
Үш жұрт дегеніміз не?
Жауабы: Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты
-
Қазақ әйелі үй иесін қалай атайды?
Жауабы: Отағасы
-
Үш арсыз дегеніміз не?
Жауабы: Ұйқы, күлкі, тамақ
-
Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім?
Жауабы: Ыбырай Алтынсарин
-
«Руы оның Жағалбайлы, жылқысын көптігінен баға алмайды… Қыз Жібекті неге алмайды?» — деп кімнің өлімін айтады?
Жауабы: Қыз Жібектің Төлегенді жоқтауы
-
Дауыссыз дыбыс буын құрай ала ма?
Жауабы: Жоқ
-
Абай ақын Пушкинмен кездескен бе?
Жауабы: Жоқ
-
Одағайдан баяндауыш жасала ма?
Жауабы: Жоқ
-
Айша бибі кесенесі қай жерде?
Жауабы: Таразда
-
Ерулік дегеніміз не?
Жауабы: Жаңадан көшіп келген үйді көрші-қолаңның қонаққа шақыруы
-
Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс?
Жауабы: Әулет
-
Өз туындысында Отырар халқының трагедиясын шебер суреттеген ақын?
Жауабы: М. Шаханов
-
Абайдың қай поэмасы аяқталмай қалған?
Жауабы: «Әзім әңгімесі»
-
Қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуші ғалым, ақтаңдақ ақын?
Жауабы: А. Байтұрсынұлы
Музыкалық үзіліс: Ән.
III кезең: «Деген екен»
Бұл кезеңде билер мен шешендердің ұтқыр ойлары мен ұтымды жауаптарынан көрініс көрсетіледі. Бағалау өлшемі: 5 ұпай.
«Жас қыран» тобы
Көрініс: Қазбек пен Қонтажы.
«Жас ұлан» тобы
Көрініс: «Таза бұлақ».
Қазақ — сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Қазақ тілі — сұлу, қонымды да толымды тіл. Сол тіл кестелеп, өріп-өрнектеп, өлмейтін де өшпейтін ғажайыптар тудырады. Асыл мұра — сарқылмас ауыз әдебиеті.
IV кезең: «Мақал — сөздің мәйегі»
Ауыз әдебиетінің байлығының бірі — мақал-мәтелдер. Бұл кезеңде аяқталмаған мақалдарды жалғастырған топқа 1 ұпайдан беріледі.
Тойдың болғанынан — …
Таз таранғанша — …
Әншейінде ауыз жаппас — …
Жүзігің алтын болғанша — …
Бала жетіге келгенше — …
т.б.
V кезең: «Тіл — шындық, тіл — айна»
«Су түбінде жатқан тас — жел толқытса шығады, ой түбінде жатқан сөз — шер толқытса шығады».
Бұл кезеңде берілген тақырып бойынша тіл тазалығын сақтау және ұлттық құндылықтарды насихаттау жайлы сөз жарысы өтеді. Бағалау өлшемі: 5 ұпай.
Өзіңізді шешен адамның орнына қойып, бүгінгі таңда көтеріліп отырған мәселе туралы сөйлеп көріңіз: тыңдаушыны ұйытпайтын жан бар ма?
VI кезең: Бір әріптен басталатын сөздер
Өнерлінің өнерін тағы бір байқап көрейік: бір әріптен басталатын сөздермен кім ұзақ сөйлей алады? Бұл кезең 5 ұпаймен бағаланады.
Сайыс қорытындысы шығарылғанша музыкалық үзіліс: Ән.
Қорытынды және марапаттау
Жеңістер мен жеңілістен тұратын өмір — күрес. «Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжімеңіз: қатысудың өзі де — жеңіс.
Ортаға әділқазылар алқасын шақырайық!
Әділқазылар алқасы жарыс қорытындысын жариялайды.
Қош демейміз — әлі талай сайыстар бар. Өнерлеріңіз шыңдала берсін, қалыспаңыздар.
Білімділер көбейсін күннен-күнге, қонақтарымыз ғарыштан да келе берсін.
Тіршілік — арман: бәрімізге де орын бар. Қуаныш та, өкініш те жолда қатар жүреді.
Білім алушылар, көрермендер — бәріңіз де аман болыңыздар!
Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!