Периодтық жүйедегі галогендер орналасқан топ

Тақырып

ХЭПЖ-дегі s-элементтердің орны және атом құрылысының ерекшеліктері.

Оқу мақсаты

Металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерге сүйене отырып, оқушыларға периодтық жүйедегі s-элементтердің орны туралы түсінік қалыптастыру және білімдерін дамыту.

Дамытушылық бағыт

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сабаққа белсенділігін арттыру, білімді есте сақтау қабілетін жетілдіру.

Алдыңғы оқу

Сандық есептер және металдардың жалпы қасиеттері бойынша қайталау.

Оқу нәтижелері

Барлығы

Периодтық жүйедегі s-элементтердің орнын біледі.

Басым бөлігі

Сілтілік және сілтілік жер металдарын ажырата алады.

Кейбірі

s-элементтердің ХЭПЖ-дегі орнын, атом құрылысының ерекшелігін, олардың металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыра алады.

Ресурстар және әдіс-тәсілдер

Ресурстар

  • 10-сыныпқа арналған химия оқулығы (Н. Нұрахметов, Қ. Бекішев, Н. Заграничная, Г. Абрамова).
  • Күнтізбелік жоспар.
  • Электрондық оқулық.
  • М. Қ. Құрманәлиев: «Химияны оқытудың қазіргі технологиялары».

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Әдістер

  • Ұжымдық оқыту
  • Жеке жұмыс
  • Түсіндіру
  • Әңгімелеу, баяндау
  • Өзіндік жұмыс

Көрнекіліктер

  • Периодтық кесте
  • Кеспе қағаздар
  • Оқулық

Сабақ барысы

Басталуы: қызығушылықты ояту

Ынтымақтастық атмосферасын құру, оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

1-қадам: үй тапсырмасын сұрау

Оқушының міндеті — үй тапсырмасын орындағанын көрсету және өткен тақырыптарды еске түсіру.

Химиялық диктант

  1. Реакцияны аяқта: Cu + Mg(NO3)2
  2. Теріс зарядты электрод: катод.
  3. Стандартты жағдайдағы электродтың потенциалы: стандартты электродтық потенциал.
  4. Платинаның тығыздығы: 21,5 г/см³.
  5. 1000°C-ден төмен балқитын металдар: оңай балқитын металдар.
  6. Металдардың жеңіл және ауыр болып бөлінуі: тығыздығына байланысты.
  7. Периодтық жүйеде галогендер орналасқан топ: VII A (негізгі топша).

Топқа бөлу

Оқушылар 3 топқа бөлінеді:

I топ

s-элементтердің жалпы сипаттамасы

II топ

Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері

III топ

Сілтілік металдардың химиялық қасиеттері

Ортасы: мағынаны тану

Жаңа сабақ: мәтінмен жұмыс

I топ: s-элементтердің жалпы сипаттамасы

s-элементтер валенттік электрондарын оңай беріп, күшті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Бұл қасиет II топ элементтеріне қарағанда I топ элементтерінде айқынырақ байқалады.

Атомнан электрон үзіп алу энергиясы сыртқы электрондар саны артқан сайын өседі, ал атом радиусы артқан сайын кемиді. Ядродан алыстаған сайын валенттік электрондармен байланыс әлсірейді, сондықтан бұл металдардың химиялық белсенділігі топ бойынша артады.

Салыстыру нәтижесінде цезий атомынан сыртқы электрон ең жеңіл үзіледі: сондықтан цезий — ең белсенді металдардың бірі әрі өте күшті тотықсыздандырғыш.

II топ: сілтілік металдардың физикалық қасиеттері

Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері көбіне кристалдық тор құрылысының ерекшеліктеріне тәуелді. Барлығы күмістей ақ түсті, жұмсақ және оңай балқиды.

Балқу температурасы литийден цезийге қарай төмендейді, себебі атом өлшемі артқан сайын кристалдық тордағы металл атомдарының байланыс энергиясы кемиді.

Барлық сілтілік металдар жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.

III топ: сілтілік металдардың химиялық қасиеттері

Химиялық қасиеттері бойынша сілтілік металдар бір-біріне өте ұқсас. Олар — ең жақсы тотықсыздандырғыштар, әрі басқа металдармен салыстырғанда белсенділігі жоғары.

Тотықсыздандырғыштық қасиет литийден цезийге қарай артады, өйткені кристалдағы химиялық байланыстың беріктігі және атомнан электрон үзіп алып, катион түзуге қажетті энергия кемиді.

Сілтілік металдар көптеген бейметалдармен, сумен және қышқылдармен тікелей әрекеттеседі.

Қолдану: есеп шығару

3-қадам: I топқа тапсырма

II топша элементінің 13,05 г күкірт қышқылымен әрекеттесуінен (қ.ж.) 3,36 л сутек газы бөлінеді. Белгісіз металды табыңдар.

Автор туралы

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлікүстем ауылы, Домалақ ене атындағы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі — Суранчиева Алия Тұрғановна.

Тақырып: ХЭПЖ элементтерінің орны және атом құрылысының ерекшеліктері.