Мұқағали МақатаевӨкініш қып өткен менен кеткенге, Өтінемін, маған, құрбым, кектенбе

Мұқағали Мақатаев

Өкініш қып өткен менен кеткенге,
Өтінемін, маған, құрбым, кектенбе.
Алай - түлей қарлы дауыл соқпай ма?
Аласапыран ең алғашқы көктемде.
Соны есіңе ал, маған, құрбым, кектенбе.
Ашуыңды алайын мен тең бөліп,
Өтінемін, өткіншіге берме ерік?!
Сен де айыпты, мен де айыпты емеспін,
Сенде де бар, менде де бар пенделік.
Сенде де бар, менде де бар алалық,
Сол алалық өршімесін жаңарып!
Алалықты айбалта ғып ұстаған,
Бұл өмірде әзәзілдің бары анық!
Ел мен елді, халық пенен халықты
Жауластырған, сол әзәзіл қауіпті.
Күндестік деп аталатын бір мыстан
Күлге аунапты...
Әзәзілді тауыпты.
Өтінемін, құрбым, маған кектенбе,
Өкпелей бер, наздана бер, жек көрме!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдігі
Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны
Ахмет иасауи
“КҮН ТҰТЫЛҒАН БІР ӘЛЕМ ЖҮРЕР ІШТЕ...”
Мұқағали поэзиясын оқыту әдістемесі
Ақындардың қолданысындағы фразеологиялық тіркестер ерекшелігі
Мұқағали мұрасы - сөз маржаны
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Абзал Бөкеннің лирикасы
Йасауи Хикметтері
ДУЛАТОВ МІРЖАҚЫП
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Міржақып Дулатов туралы
Техникалық процесті қауіпсіз жүргізу техникасын оқып- үйрету
Алғашқы функция анықталмаған интеграл және оның қасиеттері
ДЕШТІ ҚЫПШАҚ
ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС
Мақатаев Мұқағали
Міржақып Дулатов
.Аяқталмаған өндірістің мәні және есебі.