Оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Қазіргі әлем жаһандану кезеңін бастан кешуде: адамзат біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігіп, бүкіл планета біртұтас экономикалық нарыққа айналуда. Бұл үрдіс білім беру жүйесіне жаңа талаптар қояды. (Н. Ә. Назарбаев)
Жалпы білім беру жүйесінің басты мақсаты
Жалпы білім берудің негізгі мақсаты — қазіргі қоғам сұранысына сай терең білім, білік, дағды және құзыреттер негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, кәсіби дамуына бағыт беру, сондай-ақ сапалы білім алуға қажетті жағдай жасау.
Сабақ құрылымын жаңартып, нәтижеге бағытталған оқытуды күшейту.
Цифрлық ресурстарды жүйелі қолдану арқылы танымдық белсенділікті арттыру.
Халықаралық білім кеңістігімен байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мүмкіндігін кеңейту.
Технология ұғымы және мұғалімнің рөлі
Технология — белгілі бір істе адамның әдісі мен шеберлігі. Дәл осы шеберлік мұғалімге өз сабағын оқушыға жоғары деңгейде жеткізуге мүмкіндік береді.
Шығармашыл болу
Жаңашылдыққа жақын болып, әр сабаққа өзіндік қолтаңба қосу.
Ізденіспен жұмыс істеу
Өзгелердің озық тәжірибесін орынды пайдаланып, үнемі жетілу.
Мұғалім ретіндегі жеке мақсат
Менің мақсатым — оқушыларға ұлттық педагогика негізіндегі тәрбие мен білім берумен қатар, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жүйелі түрде жағдай жасау.
Сабақта назар аударатын негізгі бағыттар
Оқушыны белсенді әрекетке жетелейтін дағдылар жиынтығы
- Ғылыми негізде білімге құштарлықты ояту
- Өздігінен ізденіс жасауға баулу
- Ойды жазбаша жинақтап, сауатты баяндау
- Өмірмен байланыстыра оқыту
- Ұлттық әдет-ғұрып пен құндылықты бойына сіңіру
- Қызығушылықты арттырып, ойлануға жетелеу
- Ойды ауызша жеткізуге және мәдениетті сөйлеуге үйрету
XXI ғасыр: ақпараттанған қоғам және білім сапасы
Ақпараттанған қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында бірқатар міндеттерді шешу көзделеді. Негізгі бағыт — компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желілерді, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, сондай-ақ электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Компьютерлік оқыту технологиясы дегеніміз не?
Оқытудың компьютерлік технологиясы — оқушының өз бетінше танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу және практикалық есептерді ойындық, дамытуға бағытталған «адам–машина» өзара әрекеті тұрғысынан шешуге мүмкіндік беретін әдіснамалық, психологиялық, педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастырушылық құралдар кешені.
Тәуелсіз елдің ұрпағына сенім
Еліме деген махаббат жүрегімнің түкпірінде мәңгілік алауы сөнбейтін шырақтай сақталған. Ол өміріме нәр беретін сарқылмас бұлақ іспетті: бүгін маздап жанып тұрса, ертеңгі күні жалындаған отқа айналады. Оны Сібірден соққан суық жел де, жанды тоңдырар аяз да өшіре алмайды.
Мен XXI ғасырда еліміздің дамуының тізгінін ұстар ұландар мектеп партасынан шығатынына сенемін. Тектілігі бар ұрпақ Абылайдың саясаткерлігін, Қабанбайдың ерлігін, Жиреншенің шешендігін, Сырымның сыршылдығын, Абай мен Шоқанның ұлылығын өнеге етіп, тәуелсіз елдің тектілігін білімділікпен алға жетелейді деп ойлаймын.
Қорытынды үндеу
Осы ойды негізге ала отырып, дарынды оқушыларды дер кезінде танып, қолдап, алға жетелей білейік. Физика сабағында сапалы білім мен қызығушылықты қатар қалыптастыру — бүгінгі ұстаздың ең маңызды міндеттерінің бірі.