Суреттегі сыр

8-сынып

Сабақтың тақырыбы

1837–1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Кенесарының халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері ретіндегі рөлін ашу, көтеріліс барысына тигізген ықпалын бағалау. Көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептері мен тарихи маңызын түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушыларды тарихи құбылыстарды кешенді талдауға, олардың арасындағы байланыстарды анықтауға, идеологиялық құбылыстардың әлеуметтік мәнін түсіндіре білуге баулу.

Тәрбиелік

Кенесарының ерлігін үлгі ете отырып, оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру, елге және жерге сүйіспеншілігін арттыру, Отанды қорғау жауапкершілігін тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Қорытындылау

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Топтық жұмыс

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Слайд
  • Карта
  • К. Қасымұлының суреті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу
  • Түгендеу
  • Топқа бөлу

Топтар

  • I топ «Исатай»
  • II топ «Сырым»
  • III топ «Кенесары»

Сабақтың кезеңдері

1) Тарихи көзқарас

Постер қорғау

Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Оқушылар өздерінің тарихи көзқарасы арқылы тақырыптың мәнін ашып, постер түрінде қорғайды.

I топ

Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.

II топ

Патша үкіметінің жазалау әрекеттері.

III топ

Ресейден келген елшілердің Кенесары ордасына келуі.

2) «Көзбен кірпік қаққанша»

Картамен жұмыс

Оқушылар карта бойынша көтеріліс ошақтарын тауып, географиялық ауқымын және тарихи маңызын қысқаша түсіндіреді.

  • I топ

    Ақмола өңірі

  • II топ

    Орынбор өңірі

  • III топ

    Қоқан хандығы аумағы

3) «Суреттегі сыр»

Тұлғалық талдау

Кенесары Қасымұлының бейнесі негізінде тарихи тұлғаның болмысын, оның айналасындағы адамдарды және көтерілістегі рөлін талдау жұмыстары жүргізіледі.

I топ

Кенесарыға мінездеме береді.

II топ

Көтеріліске қатысты тұлғаларға сипаттама береді: Қасым сұлтан, Саржан, Абылай хан, Айғаным, Бопай, Саурық, Наурызбай, Сұраншы.

III топ

«Ұлт санасын оятқан ұлы тұлға» тақырыбында ой-толғау ұсынады.

4) «Хат қоржынынан»

Дерекпен жұмыс

Әр топқа Кенесарының хаттарынан үзінділер берілген конверт таратылады. Оқушылар мәтінді жалғастырып, ой желісін сақтай отырып толықтырады және мағынасын түсіндіреді.

Кенесарының қырғыздарға үндеуінен

«Менің мұнда келгенімнің мақсаты — сендермен жауласу, қан төгісу емес. Қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту, Қоқанның қол астынан бөліп алу, қоқандықтардың қысымынан құтқару болып табылады».

Жер мәселесіне қатысты ойы

«Біздің ата-бабамыз бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Өртау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынды, ол жерлерге әскери бекіністер салынды.

Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі болашағымызға ғана емес, бүгінгі тіршілігімізге де зор қауіп төндіреді».

Орынбор генерал-губернаторына жазған хаттарынан

«Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре алады деп санаймын».

5) «Ғажайып ұяшық»

Қайталау және бекіту

Оқушылар негізгі ұғымдарды, себеп-салдар байланыстарын және тұлғалардың рөлін қайталап, қорытынды жасайды.

Мақсат

Тәуелсіздік пен ел бірлігі

Себеп

Отаршылдық қысым, жердің тарылуы

Нәтиже

Қарсылықтың күшеюі, тарихи сабақ

Маңызы

Ұлт-азаттық идеясының жалғастығы