Қош сау болыңдар
Әліппе — білім бастауы
Бұл материал — 1-сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне арналған сценарий. Мақсаты — оқушылардың сауат ашу барысында алған білім, білік, дағдыларын көрсету, пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту және Отанға, туған жерге, мектепке деген сүйіспеншілігін күшейту.
Мақсаты
- Өлең, тақпақтарды мәнерлеп айту және Әліппеден алған дағдыларды көрсету.
- Қызығушылықты арттыру, тіл дамыту, сауаттылықты жетілдіру, шапшаң оқуға жетелеу.
- Отанды, туған жерді, мектепті сүюге, білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- «Біз — ХХІ ғасыр ұрпақтарымыз» ұраны.
- Интерактивті тақта (слайдтар), шарлар, нақыл сөздер.
- Абай, Ыбырай суреттері, әліпби, «Сандар құрамы» буклеті және т.б.
Жоспар
- 1 Кіріспе сөз.
- 2 Әліппеге арнау (әдеби монтаж).
- 3 «Мен не үйрендім?» бөлімі.
- 4 Қорытынды (марапаттау, құттықтау сөздер).
Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Елдігіміз ескеріліп, еңсеміз көтеріліп, тәуелсіз мемлекет болғанымызға да біршама жыл өтті. Еліміздің өркендеуі үшін білім беру саласына үлкен міндеттер жүктелді. ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Сондықтан жас ұрпақтың сауатты, білімді болуы үшін ата-ананың да жауапкершілігі ерекше.
Күні кеше ойын баласы болған бала бүгін үлкен міндет пен жауапкершілік көтеріп отыр. Сауат ашу жолында қолға алған алғашқы кітабы — Әліппе. Ендеше, білім бастауы болған оқулығымызбен қоштасу мақсатында «Әліппе — білім бастауы» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Қош келдіңіздер!
Жүргізуші сөзі
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! 1 «А» сынып оқушылары дайындаған «Әліппе — білім бастауы» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Әліппеге арнау (әдеби монтаж)
1-оқушы
Өтті оқу сан сабақ, Бүгін — үлкен салтанат. Оқулықпен достассақ, Әліппемен қоштасар сәт. Ой-білімім жаңғырып, Әліппеден мәңгілік Әріптерді таныған Өңкей білгіш балдырған. Құтты болсын тойларың!
2-оқушы
Шашу, шашу шашайық, Ақ сандықты ашайық. Бұл мереке, бұл тойдың Бастаңғысын жасайық! Шашу, шашу шашайық!
3-оқушы
Армысыздар, аналар, Бармысыздар, балалар! Сөзіме құлақ салыңыз, Бір серпіліп қалыңыз. Әліппеге арналмақ Бүгінгі жыр-әніміз.
4-оқушы
Ұқсатпа мені басқаға, Есейдім — жеті жастамын. Қош айтыстым бақшаға, Мектепке жолды бастадым.
5-оқушы
Қыркүйекте келдім де, Сыныпқа кірдім қуанып. Қарсы алды мейіріммен, Қадамымды құп алып.
6-оқушы
Еркесі едім атамның, Еркесі едім анамның. Толып биыл жетіге, Мен де оқушы атандым.
7-оқушы
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз: әріптердің бәрін танып, сауатымызды ашқан Әліппені аяқтадық. Енді өзіміз оқып, жаза аламыз.
Сұрақ-жауап
Мұғалім: Іші толы әріпке, білімдегі жарық не?
Оқушылар: Болашаққа жол бастар, ол — сүйікті Әліппе!
8-оқушы
Оқуды көп ойладық, Қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, Сауат ашып тойладық.
Әліппенің келуі
Мұғалім: Олай болса, ортаға Әліппені шақырайық!
Хор: «Әліппе, Әліппе!»
Әліппе: Армысыздар, жас достар, Армысыздар, ата-ана! Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға. Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген, Келешегі қазақтың Басталады сендерден. Жақсы білім — көрімдік, Болсын бізге халайық! Не үйреніп, не білдік — Кәне, ортаға салайық!
Әріптер әлеміне саяхат
Жүргізуші оқушыларды әріптер әлеміне шақырып, әр әріптің мәнін, өмірмен байланысын өлең жолдарымен өрнектейді.
9-оқушы
А-ға Й-ды қоссаңыз — Көкте тұрған Ай болар. Т-ны алдына тоссаңыз — Бәсірелі тай болар.
10-оқушы
Ә әрпінен табамыз Әжемізді — ақылгөй. Б дегенің — бабамыз, Бауыржандай батыр ғой.
11-оқушы
В — дегенің вал болар, Толқын күшін шомылар. М — дегенің мал болар, Қадір тұтқан бабалар.
12-оқушы
Г әрпімен гүлденер Қызғалдақты қырат-тау. Ғ әрпімен бір келер — Ғылым атты ұлы тау.
13-оқушы
Д әрпінен бастасақ — Дархан, дария далам бар. Е-ні ұмытпас ешқашан Елін сүйген жарандар.
14-оқушы
Ж — дегенің жөргегің, Туып-өскен жерлерің. З — әрпімен зерделім, Зергерлердің зергерін.
15-оқушы
И — дегенің иманың, Адалдықтың асқары. К — дегенің күй-дарын, Домбыраның дастаны.
16-оқушы
Ұ әрпі — ұлысың, Ағайының, өз елің. Ы — дегенің ырысың, Орман-тоғай, өзенің.
17-оқушы
О — дегенің отбасы, Отан деген ұғым бар. Я — дегенің Яссы, Қала болған бұрындар.
18-оқушы
Р — дегенің рақым, Мейірің мен пейілің. С әрпінен тұратын Сый, сияпат, сенімің.
19-оқушы
Ш — дегенің шапағат, Тие берсін баршаға. Х — дегенің сәлем-хат, Қуанышың қаншама.
20-оқушы
А — деген ол аналар ғой ардақты, Ә — деген ол әкелер ғой салмақты. Анадан жоқ аяулы әлемде, Әкелер ғой сыйлайтұғын бақ барды.
Ата-анаға алғыс, ұстазға құрмет
21-оқушы
Біздің 42 әріпті танып, оқып кетуімізге ата-анамыздың көмегі зор болды. Кеудемнен сезім селi ақтарылсын, Болармын күні ертең мақтанышың. Білім алып, тер төгем, еңбек етем — Ата-ана, сеніміңді ақтау үшін.
Ән: «Әкешім — анашым»
22-оқушы
Ата-анамнан кейінгі Екінші адам өмірде — «Бала бол!» деп зейінді Мейір құйған көңілге. Тәрбиелі, білікті — Ол ұстазың сүйікті. Шәкірт қана алаңын, Өсиеті — адалдық. Тентек, сотқар баланы Шығаратын адам қып, Тәрбиелі, саналы — Ол ұстазың сүйікті.
Ән: «Ұстазым»
Әліппемен қоштасу
Әліппе: Мен туралы біраз нәрсені ұғыпсыңдар. Маған өкпелерің болмаса, қош болыңдар!
23-оқушы
Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана, қуанышқа ортақ бол — Сауатты боп шықты міне балаңыз!
24-оқушы
Құрметтеп, қадір тұтатын Халқымның дана тілі бар. Әліппені білген соң Білімнің жолын ұғынар. Сүйікті менің Әліппем, Өзіңмен қимай қоштасам.
Әліппе: Рахмет, балалар! Бәрің сауат аштыңдар. Ендігі оқитын пән — «Ана тілі». Оны жақсы меңгеріңдер. Қош сау болыңдар!
Хор: Қош бол, құтты Әліппем, Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің.
Келесі қадам: «Ана тілі»
Жүргізуші: Әріптер елінен іздеген қымбат, асыл қазынамызды енді ана тілімізден табамыз. Ортаға «Ана тілі» пәнін шақырамыз.
Ана тілі
Құрметті оқушылар! Мен — «Ана тілі» пәнімін. Барлық қазына, барлық байлық — оқу мен білімде. Енді осы туралы менен оқитын боласыңдар. Мен сендерге әлі талай нәрсе үйретемін.
Жүргізуші: «Ана тілі», бізбен бірге болыңыз. Біз сізден әлі көп үйренеміз.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Әліппеге арналған сазды әуеніміз осымен тәмам.