Лексика тарауы

Сабақтың тақырыбы

Лексикадан өткенді қайталау (слайд арқылы).

Сабақтың типі мен түрі

  • Сабақтың типі: қайталау.
  • Сабақтың түрі: бекіту, аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Сызба-кестелер
  • Анаграмма
  • Тест сұрақтары

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдету, түсініктерін жаттығулар мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2) Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге және ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

3) Дамытушылық

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілетін кеңейту; талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

IV. Жаңа сабаққа дайындық

  1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
  2. Сабақ мақсатын түсіндіру.

Сұрақ: Балалар, біз қандай тарауды өттік?

Жауап: Лексика тарауын.

Келесі сұрақ: «Лексика» деген ұғымды естігенде қандай сөздер естеріңе түседі? Кәне, топтастырып көрейік.

Сөз байлығы Көп мағына Синоним Антоним Омоним Ауыспалы мағына Тура мағына Эвфемизм Дисфемизм

«Кім білімді?» — тест тапсырмалары

Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. 1. Лексика дегеніміз не?

    • а) дыбыс
    • ә) сөздік қор
    • б) сөйлем
  2. 2. Омоним сөзді белгіле.

    • а) түс
    • ә) ауа
    • б) қызыл
  3. 3. Көп мағыналы сөзді көрсет.

    • а) шүберек
    • ә) еден
    • б) көз
  4. 4. «Мәтін» деген сөздің мағынасы:

    • а) байланысу, бірігу
    • ә) құбылыс
    • б) іс-қимыл
  5. 5. Ауыспалы мағынадағы сөзді тап.

    • а) Менің көзім ауырды.
    • ә) Біз бұлақтың көзін аштық.
    • б) Оның көзінің түсі — қара.
  6. 6. Синонимдік қатарды тап.

    • а) ақ, қара, көк
    • ә) кілт, құлып
    • б) күшті, мықты
  7. 7. Антонимдік қатарды тап.

    • а) бас — аяқ
    • ә) отыр — тұр
    • б) жат — ұйықта
  8. 8. Фразеологиялық тіркесті көрсет.

    • а) бармағын шайнау
    • ә) жақсы қыз
    • б) дене мүшесі
  9. 9. Мақалды ажырат.

    • а) Кең болсаң, кем болмайсың.
    • ә) Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.
    • б) Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.
  10. 10. Эвфемизм сөзді көрсет.

    • а) қырт
    • ә) боқмұрын
    • б) қолды болды

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Үлестірмелі қиықша: төмендегі сөз тіркестерінің ішінен тура мағыналы сөздерді тауып, теріп жазыңыз.

1-топ

  • адамның тілі
  • орыс тілі
  • ана тілі

2-топ

  • жұмыстың аяғы
  • құстың аяғы
  • жиналыстың аяғы