Оқушылар зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару
Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Бұл сабақта мәндес сөздердің (синонимдердің) мағына жақындығын салыстыру арқылы анықтап, оларды орынды қолдану дағдыларын дамытамыз.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Мәндес сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып, олардың анықтамасын оқушылардың өздері ой қорытып шығаруына бағыт беру.
Дамытушылық
Оқушылардың өз бетінше іздену және топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту; басқаларды тыңдай білу, өз көзқарасын дәлелдеп қорғау дағдыларын қалыптастыру; қазақ тілінің лексика тарауынан алған білімдерін жүйелі қолдануға үйрету.
Тәрбиелік
Сұхбаттасу мәдениетін қалыптастыру, тиянақты тұжырым жасауға баулу; оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, бауырластық рухында тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа назар аударту және топтық жұмысқа бағыттау.
- Оқушылармен сәлемдесу, қима қағаздардан сурет құрастыру арқылы топқа бөлу, сабаққа бейімдеу.
- Өлең жолдары арқылы оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Өнер алды – қызыл тіл,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл – асыл қазына,
Байлығың – білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазыңа,
Сонымен өсер өркенің.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен материалды бекіту және байланыс жасау.
Өткен сабақта қарастырылған омонимдер тақырыбы бойынша сұрақ-жауап әдісімен оқушылардың түсіну деңгейі анықталады. Сонымен бірге лексика бөлімінде өткен тақырыптарға қысқаша шолу жасалады.
III. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту және ой қозғау.
Ой қозғау сұрағы:
Мағыналары мәндес, яғни бір-біріне жақын сөздерді білесіңдер ме?
Оқушылар келтірген мысалдар «Идеялар тақтасына» жазылады: