Ана деген керемет, Сыйлап өтем өмірде
Тақпақтар: "Оқымысты балалар" тақпақтар жинағы
Кітап
Кітап деген басыңдағы білімің,
Кітап деген ақыл, ойың, ілімің.
Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар,
Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.
Ана
Ана деп күнде ән салам,
Ауылға бүкіл жар салам.
Қуанту үшін анамды
Күнде - күнде бес алам.
Ту
Көгілдір туым желбіре,
Биіктерде қалықтап.
Туым үшін мақтанам,
Әнұраным шарықтап.
Наурыз көже
Наурызда бәріміз
Әткеншек тебеміз.
Жасымыз, кәріміз,
Көп көже ішеміз.
Жаз
Жаз келді алақай,
Ойнаймыз далаға - ай.
Қамалып отырмай
Жүріңдер, балақай.
Күшік
Күшігім менің, күшігім,
Үй күзетер пысығым.
Үргені де шамалы,
Тамақ берсең болғаны.
Табиғат
Бұтақтарды сындырмай,
Тазалықты сақтайық.
Гүл өсіріп, су құйып,
Табиғатты қорғайық.
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.
Біздің сынып
Біздің сынып әдепті,
Бәріне көмек береді.
Біздің сынып әрқашан
Жетістікке жетеді.
Біздің сынып қашанда
Алғашқы боп жүреді.
Мұғалімдер барлығы
Бізді мақтан етеді.
Анама
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Кітап
Кітап оқу бұлағым,
Оқытатын ұстазым.
Кітапта бар даналық,
Оқып біліп алайық.
Анама
Анамызды сыйлайық,
Жақсы оқушы болайық.
Үздік оқып сабақты,
Кілең бестік алайық
Күншуақ газетіне
Күн нұрындай жарқырап
Шуақ шаштың, Күншуақ .
Білімнің биік төріне
Бұлақ аштың, Күншуақ .
Әрбір бетің бір әлем,
Қызыққа толы Күншуақ ,
Бар балаға жақынсың,
Жарқырай бер, Күншуақ .
Ана саған көп рахмет
Жан балам деп еркелеткен,
Бесікте бізді тербеткен
Ардақты да аяулы
Ана саған, көп рақмет!
Анамның әні
Анамыздан тыңдадық
Әсем әнді әуелі.
Әлди, әлди, әлди - ай
Әсем әні анамның.
Анашым
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Отбасы – көркем әдебиетте
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Мұқағали Мақатаев жайында
Қыз бала психологиясы
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Лэпбук мектеп жасына дейінгі балаларға жыл мезгілдерін оқытудың заманауи құралы ретінде атты 4-5 жастағы балаларға арналған жоба
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы қыз балалар тәрбиесін арттырудың жолдары мен көздерін жан-жақты қарастыру
Жеке оқушымен жұмыс Озық тәжірибелермен танысу, тиімділігін анықтау
Менің осы уақытқа дейін оқыған - кітаптарыма мазмұндама
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ДОМАЛАҚ АНА
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Жаңа заман талабы
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Пайда, оның экономикалық мазмұны, түрлері және анықтау әдістері «Қостанай минералдары»
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі
ӨТЕМІСҰЛЫ МАХАМБЕТ
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама туралы
БАЙСЕЙІТОВ Қанабек