Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларда дара және күрделі етістіктер туралы түсінік қалыптастыру, білімін жетілдіру.
Дамытушылық
Білімге қызығушылығын арттыру, тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелік
Табиғатты қадірлеуге баулу, топта жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, өзара көмек пен сыйластықты қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
-
Оқушылар дара етістік пен күрделі етістікті бір-бірінен ажыратады.
-
Дара және күрделі етістіктердің жазылу үлгісін есте сақтайды.
-
Топтық жұмыс жасауға жаттығады.
-
Кері байланыс беруді және қабылдауды үйренеді.
Сілтеме
- Қазақ тілі, 2-сынып (Атамұра баспасы)
- http://www.youtube.kz
Материалдар мен құралдар
- Оқулық
- Стикерлер
- A4 қағазы
- Кестелер
- Жетондар
- Тірек сызбалар
- Плакаттар
- Монитор
Қолданылатын әдістер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
- Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
-
Дайындалған суреттер арқылы топқа бөліну:
- I топ: «өседі» сөзі бойынша — жеміс-жидектер тобы.
- II топ: «киеді» сөзі бойынша — киімдер тобы.
- III топ: «ұшады» сөзі бойынша — құстар тобы.
II. Үй тапсырмасын тексеру (7 минут)
Тапсырма
Оқушылар етістікке байланысты жазып келген сөйлемдерін ұсынады. Үш топ етістік ережесін айтып, мысал келтіреді.
Пысықтау
Үй жұмысы мен өткен материалды тірек сызба арқылы бекіту.
Топтық жұмыс
Берілген сөздерден күрделі етістік құрастырып, сөйлем жазу:
I топ
Қуды, ойнады, оқыды
II топ
Жүзді, тікті, ұшты
III топ
Жүрді, кесті, тоқыды
Тақырып және мақсат
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу сәті
Кк
Көктем
Ескерту
Қаламсапты дұрыс ұстау және партада дұрыс отыру ережелері еске салынады.