Бүгін жеңіс күні
Тақырыбы
«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады»
Мақсаты
Оқушыларға аға-апаларының ерлік істері мен өмір жолдары туралы мәлімет беру арқылы тәуелсіз еліміздің келешегі болатын жас ұрпақты батырлыққа, елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.
Саналы азамат қалыптастырып, патриоттық сезімін ояту.
Көрнекілігі
- Нақыл сөздер жазылған плакаттар
- Буклеттер
- Соғыс ардагерлерінің суреттері
Барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Іс-шараның тәртібі таныстырылып, қатысушыларға ортақ құрмет пен жауапкершілік мәні айқындалады.
2) Әдеби-музыкалық монтаж
Жеңіс рухын, тарихи жадыны және ерлік ұғымын көркем сөз бен әуен арқылы ұрпақ санасына сіңіру.
Жүргізушілер сөзі
І жүргізуші
Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне толтырып, Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Сіздерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
ІІ жүргізуші
Бүгін — Жеңіс күні. Жеңіс күні — адамзат аңсап күткен күн. Жеңіс туы тігілген 1945 жылдың 9 мамыры — азаттық күрестің айбынды белесі.
І жүргізуші
Жеңіс күні өмірді сүйген адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Көркем сөз
Адам — тарих! Адам кешкен жолын ұқ,
Неше ұрпақ күнтізбектен алынды.
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық,
Қанша тер мен қан жұрттады зұлымдық.
Сұрапылдан дауа таппай шерленген,
Әлем, деймін, әрең алды шеңберден.
Ажыратып қанды қара шеңгелден,
Жарып шықты қарғыс пенен тозақтан.
Жүргізуші
Айтып болды дүние талай әнді, аспан жүзін таң алды, арай алды. Жетсек деген арманға жеттік-дағы — «Жеңіс» деген бір сөзден ел оянды.
Төрт жыл бойы жел соғып, дауыл келді, қала көрді қиындық, ауыл көрді. Жеңіс, Жеңіс — әке мен оның ұлын кездестірмей қойғаның ауыр болды.
Бақ іздеп, алға қарай жүгірсең де, бұл — Жеңіс деген ұлы мектеп. Құрметте осы күнді, ұлан, сен де.
Шатырлап тына қалған жасыл көктем, жайнаған жадыраған жасыл көктем… Осы күн келгенде алғаш жерімізге Ұлы Отан қуаныштан жасын төккен.
Ән: «Жойылсын жалғыз сөз — соғыс деген»
Тарихи тағылым
1941–1945 жылдар аралығындағы алапат соғыс адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған қасірет әкелді. Сол кезеңде бірлік пен достық жолында жанын қиған қазақ батырлары фашизмге қарсы күресте бүкіл адамзаттың азаттығын қорғап, ерекше ерлік көрсетті.
Жүзге тарта қазақ қаһарманына «Кеңес Одағының Батыры» деген абыройлы атақ берілді.