Сабақ тақырыбы. Нәтиже сабақ

Сабақ тақырыбы

«Дәмді және пайдалы» (нәтиже сабақ, 1-сынып).

Оқу мақсаты

Барлық оқушылар

Дұрыс тамақтану туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

Пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар

Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін түсінеді.

Сабақтың мақсаты

  • Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру (1.1.4.2).
  • Сауатты сөйлеу, өз ойын толық әрі түсінікті жеткізу.
  • Пайдалы және зиянды тағам түрлерін анықтау.

Тірек сөздер

Ұлттық тағам
национальные блюда — national dish
Дұрыс тамақтану
правильное питание — healthy diet

Ресурстар

  • Жарнама тапсырмасына арналған бейдждер.
  • Суретті үлестірме парақшалар.
  • Тапсырмаға арналған А3 көлеміндегі қағаз.
  • Тағам өнімдері бейнеленген суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Амансың ба, алтын күн,
Ашық болсын көк аспан.
Сәлем берем достарға,
Сәттілік тілеп баршаға!

Топқа бөлу және ережелер

  • Оқушыларды топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
  • Топтық жұмыс ережелерін еске түсіру.
  • Топтарға атау беру.

Мақсатты анықтау және психологиялық ахуал

Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. «Менің көңіл күйім» тапсырмасында үш топтың топ басшылары кезекпен үш тілде сыныптың көңіл күйін сұрайды.

Негізгі бөлім

Кесте толтыру

«Дәмді — пайдалы — зиянды» кестесін толтыру.

Суретпен жұмыс

Дұрыс тамақтану ұғымы үш негізгі қағидатты қамтиды:

  1. 1 Адам тұтынатын тағам пайдалы болуы тиіс.
  2. 2 Тамақты күн сайын уақытында ішкен дұрыс.
  3. 3 Тамақты шамамен қабылдау қажет.

Тамақтану арқылы адам ағзаға қажетті заттарды алады. Жүйелі тамақтанбау денсаулыққа едәуір зиян келтіретінін мамандар жиі айтады. Ал шипалы тағам түрлерін дұрыс пайдалану арқылы кейбір аурулардың алдын алып, ағзаны нығайтуға болады.

Сергіту сәті

Қозғалысқа негізделген қысқа жаттығулар орындау.

Құндылық: қонақжайлылық

Қонақжайлылық — қазақ халқы мәдениетінің ең маңызды құраушысының бірі. Ертеден қазақтар үшін қонақ күту негізгі борыш саналған: тіпті бейтаныс адамды да қарсы алып, алдымен ас-суын беріп, содан кейін ғана жөн сұрасқан. Балаларды қонаққа құрметпен қарауға жастайынан тәрбиелеген.

Қазақстан — бейбітшілік пен өзара түсіністік орнаған көпұлтты ел. Елімізде түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.

Қорытынды

Сабақта пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажыратып, дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаттарын бекітеміз. «Дәмді және пайдалы» тақырыбы арқылы денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және ұлттық құндылықтарды құрметтеу идеялары нығаяды.