Оқушылардың сөйлем ішінен оқшау сөз түрлерін тауып, ажырата білуге үйрету
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
8-сынып
Пән
Қазақ тілі
Тақырып
Оқшау сөздер
Сілтеме
Қазақ тілі (оқу бағдарламасы/оқулық мазмұнына сәйкес)
Жалпы мақсат
Білімділік
Оқушыларға сөйлем ішінен оқшау сөздердің түрлерін тауып, ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Теориялық білімді практика жүзінде қолдануға, ойды жүйелі баяндауға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Жаттығу жұмыстары арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, үлкенді-кішілі сыйлауға тәрбиелеу.
Міндеттер
Мазмұнға байланысты
- Оқушылар мәтінді өз бетімен оқиды.
- Оқығанын мазмұндайды және негізгі ойды анықтайды.
Сыни ойлауды дамыту
- Ойталқыға қатысып, пікір алмасады.
- Бір-бірінің іс-әрекеті мен дәлелін тыңдап, талдайды.
Топтық жұмыс
- Өз ойын дәлелдеп қорғауға үйренеді.
- Бір-бірін тыңдап, сыйластық пен достықты нығайтады.
Мұғалім үшін күтілетін оқу нәтижелері
- 1 Оқушылар бұрынғы білім мен жаңа білімді байланыстырып, оны өмірлік жағдаяттарда қолданудың маңызын түсінеді.
- 2 Топтық жұмыстың қажеттілігі мен тиімділігін ұғынады.
- 3 Әр оқушы өз рөлінің топтағы маңызын сезінеді.
- 4 Сыныпта өзара құрметке негізделген қарым-қатынас қалыптасады.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу және психологиялық дайындық.
- Сыныпты топтарға бөліп отырғызу.
- Топ басшыларын тағайындау.
- Бағалау парақшаларын тарату.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Әдіс: «Сұрақты қағып ал» тәсілі.
- Айқындауыш мүше дегеніміз не?
- Айқындауыш мүшенің қандай түрлері бар?
- Айқындауыш мүшені анықтауыштан қалай ажыратуға болады?
- Оңашаланған айқындауыш дегеніміз не?
- Қосарлы айқындауыш дегеніміз не?
- Сөйлем ішінде айқындауыш қандай қызмет атқарады?
- Бірыңғай мүше дегеніміз не?
- Жалпылауыш сөздер дегеніміз не?
- Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшенің алдынан келсе, қандай тыныс белгісі қойылады?
- Жалпылауыш мүше бірыңғай мүшеден кейін келсе, жалпылауыштан соң қандай тыныс белгісі қойылады?
Сабақтың маңыздылығы
Оқушы не алады?
- Ойын еркін жеткізу дағдысы қалыптасады.
- Күрделі жағдайда дұрыс шешімді адамның өзі қабылдауы керектігін түсінеді.
Сыни ойлауға мүмкіндік (еркін ойлау үшін жасалатын жағдайлар)
- Сұрақ қою және жауапты дәлелдеу мәдениеті.
- Пікірталаста тыңдау, келісу/келіспеу, қорытынды жасау.
I. Қызығушылығын ояту
Ой шақыру: «Оқшау» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Осы кезеңде мұғалім оқушыларды белсенді қатыстыруға жағдай жасап, стратегияларды жүйелі қолданады.
II. Мағынаны тану
1-қадам: Сабақтың тақырыбы жарияланып, мақсат-міндеттері нақтыланады.
2-қадам: Жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқып, түсіндіреді; постер дайындап, қорғайды.
3-қадам: Жаттығу жұмыстары орындалады, сөйлем мүшелеріне талдау жасалады.
Тақтамен жұмыс
- Сөйлем мүшелеріне талдау.
- 67-жаттығу: әр топтан 2 оқушы шығып орындайды.
Сергіту сәті (сахналық қойылым)
I топ
— Құдай-ау, бұл не масқара, күнделігің толған екі ғой?!
— Апа, енді жақсы оқуға уәде беремін.
— Балам, апаңды ренжітпей, сабағыңды түзесеңші!
II топ
— Жолдастар, тыныштықты сақтайық! Кімнің қандай пікірі бар?
— Біздің ойымызша, жолдас ..., сіздің «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы атты» кешіне ата-аналарды шақыру жөніндегі ұсынысыңыз дұрыс. Енді осы ұсынысты қолға аламыз.
Қойылымдағы қаратпа, қыстырма, одағай сияқты оқшау сөздерді табу және тыныс белгілерін түсіндіру ұсынылады.
III. Қорытынды
3-жұмыс: Сабақты қорыту (диалог, сұрақ-жауап, кері байланыс).
Мектеп және мұғалім туралы дерек
- Білім беру ұйымы
- Ш. Башиков атындағы негізгі мектеп КММ
- Мұғалім
- Басарова Сабижамал Рамазановна
Материал: «Оқшау сөздер» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар (жүктеу/таратпа ретінде пайдалануға болады).