Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбім

Мағжан Жұмабаев

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын - шіркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбім.
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан - тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім.
Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..
Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,
Батпағында тең құрбымен алысып.
Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз
Үйретем деп асау тайға жабысып.
Адам басы - Алла добы деген рас,
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.
Кім біледі, мен де шетке кетермін,
Туған жерім, сені тастап басым жас.



Ұқсас жұмыстар

Мағжан - сыршыл ақын
Руханилық үкімнің адамгершіліктің қалыптасуындағы маңызы
М. жұмабаевтың шығармашылығының жалпы қазақ әдебиетінде алатын орны
Төлеген Айбергеновтың өлеңдеріндегі жаңашылдық
Туған дала
АДАМ АТА МЕН ХАУА АНА
Имандылық мәселесінің философиялық аспектілері
Имандылық мәселесінің философиялық аспектілері туралы
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Сөздің анықтамасы. Сөз мағынасының өзгеру себептері. Көп мағыналылық. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері«СЕНІМ» АҚ
Қазақстан — әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі
Этноцентризм және әйелдер
Биоценоз туралы түсінік
Ағылшын тілі сабақтарының танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері
Жеке адамның дамуындағы өзіндік белсенділіктің маңызы
Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы
Ілияс Есенберлин
Лицензиясыз қызметтен түскен табыстан айыру жөнінде
Фотолюмениценция