Шапшаңдық гимнастикасы

Ақтөбе облысы • Алға ауданы

№3 Алға қазақ орта мектебі

Математика пәні мұғалімі: Туребекова Жаңылсын Барсаевна

Сабақтың тақырыбы

Пропорцияның көмегімен пайызға қатысты есептерді шығару.

Сабақтың сипаты

Түрі
Дәстүрлі емес
Типі
Пысықтау
Жабдықтары
Интерактивті тақта, бейнеслайдтар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Пайыз» тақырыбы бойынша алған білімді жинақтау және бекіту.

Дамытушылық

Экономикалық мазмұндағы есептерді шығару арқылы пәнге қызығушылықты арттыру және мамандық таңдауға бейімдеу.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке баулу және экономикалық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

Сабақтың жоспары

  1. 1

    Ұйымдастыру

    Сабаққа дайындықты тексеру.

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру

    Алдыңғы тақырып бойынша меңгеруді анықтау.

  3. 3

    Шапшаңдық гимнастикасы

    Жылдам есептеуге бағытталған жаттығулар.

  4. 4

    Есептер шығару

    Пайызға қатысты есептерді пропорция арқылы шығару.

  5. 5

    Дыбыстық гимнастика

    Қысқа сергіту сәті.

  6. 6

    Шығармашылық есеп

    Логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырма.

  7. 7

    Қорытындылау

    Негізгі ұғымдарды жинақтау.

  8. 8

    Оқушыларды бағалау

    Жұмыс нәтижесін әділ бағалау.

  9. 9

    Үйге тапсырма

    Келесі сабаққа дайындық тапсырмаларын беру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқу құралдарының дайындығын бақылау.