Өлең құрылысын талдау
Сабақтың тақырыбы
Ахмет Байтұрсынов — «Екі шыбын»
Бағыт
Оқушының мәнерлеп оқу дағдысын тереңдету және әдеби-теориялық талдау жасауға жетелеу.
Нысана
Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері мен аудармаларының қазақ әдебиетіндегі орнын түсіндіру.
Нәтиже
Оқушы пікір білдіреді, идеяны ашады, мәтін құрылымын талдайды және қорытынды жасайды.
Жалпы мақсат
-
1
Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерімен және аудармаларымен танысады.
-
2
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіне қосқан бай мұрасы туралы пікір алмасады.
-
3
«Екі шыбын» мысалының идеясын ашады және әдеби-теориялық талдау жасайды.
Оқу нәтижелері
Мәнерлеп оқу
Мәнерлеп оқу шеберлігі тереңдейді, мәтінді түсініп оқу дағдысы нығаяды.
Тіл байлығы
Тілдік қор дамиды, сөздік қоры толығады, ойын дәл әрі сауатты жеткізуі қалыптасады.
Әдебиет теориясы
Әдебиет теориясы бойынша білімдері кеңейіп, талдаудың негізгі тәсілдерін қолданады.
Түйінді идеялар
Бұл сабақ оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа және өз бойына асыл қасиеттерді сіңіруге баулиды.
Ұйымдастыру кезеңі
1) Тренинг: «Ақ тілектер»
Оқушылар ортаға шығып, өз бойындағы бір жақсы қасиетін айтып, бір-біріне жылы тілек білдіреді.
2) Үш топқа бөлу: «Сатушы мен сатып алушы» ойыны
Көкөніс, жеміс-жидек және дәнді дақылдардың атауы жазылған қағаздар таратылады. Оқушылар қағазды суырып алып, сәйкес атаулар бойынша 3 топқа бөлінеді.
- Көкөністер
- Жеміс-жидектер
- Дәнді дақылдар
3) Өткенді қайталау: үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы тақтада ілулі тұрған критерий шкаласы бойынша тексеріліп, бағаланады. Негізгі тапсырма: Ахмет Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін мәнерлеп оқу.
Тексеру қадамдары
- 1 Ахмет Байтұрсынұлы туралы қысқаша мәлімет айту.
- 2 Өлеңді мәнерлеп оқу.
- 3 Өлең шумақтары бойынша түсінігін айту.
- 4 Өлеңнің құрылымын талдау.
- 5 Қосымша сұрақтарға жауап беру.