Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Қысқа мерзімді жоспар

Пән және сынып

Тарих, 5-сынып

Жылдық жүктеме
68 сағат
Апталық жүктеме
2 сағат

Сабақтың тақырыбы

Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы

Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?

Оқу мақсаттары

Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу жасау.

Алдыңғы білім

Қазақстан тарихы туралы бастапқы түсінік.

Сабақ нәтижелері

Оқушылардың барлығы

  • Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Жазба жұмысын орындайды.
  • Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көбісі

  • Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
  • Өз бетінше жұмыс жасайды.
  • Қосымша үлестірмелі материалдармен жұмыс істейді.
  • Сұрақтарға дәлелді жауап береді.

Оқушылардың кейбірі

  • Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырып бойынша қосымша мәлімет пен дәлел келтіреді.

Бағалау және құзыреттілік

Бағалау критерийлері

  • Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында өз ойын анық жеткізіп, тыңдаушының назарын аудара алады.

Тілдік мақсат

Негізгі ұғымдар: Ежелгі Қазақстан.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Ресурстар және әдіс-тәсілдер

Ресурстар

  • Оқулық
  • Суреттер
  • Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және түрлі заттар
  • Топтық тапсырмалар
  • Кері байланыс парақтары
  • Стикерлер

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • Түсіндіру
  • Ойын
  • Көрнекілік
  • Рефлексия

Сабақтың барысы

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Оқушыларды топқа бөлу: киімдер бейнеленген карточкалар ұсынылады. Оқушылар таңдаған киіміне сәйкес топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал

3 минут

Жаттығу: «Балалық шақтан қызықты оқиға»

Мақсаты: эмпатияны дамыту.

Нұсқаулық: оқушылар қорапшадан билет суырады. Егер билетте «Балалық шақтан қызықты оқиға» шықса, мұғалім өзінің балалық шағынан бір қызықты оқиғаны айтып береді.

Талдау сұрағы

Өздеріңізді қалай сезініп тұрсыздар?

Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну

Тарих — адам қоғамының өткені мен қазіргі кезеңі туралы, кеңістік-уақыт өлшеміндегі қоғамдық өмір дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Тарихтың мазмұны — тарихи үдеріс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер. Бұл құбылыстар шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынастарға және тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болуы мүмкін.

Тарих ғылымы көпқырлы және тарихи білімнің әртүрлі салаларынан құралады: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық тарихы, дін тарихы және т.б.

Сондай-ақ тарихи ғылымдар қатарына халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография және ежелгі дәуірдің заттай деректерін (еңбек құралдары, үй жиһаздары, әшекей бұйымдар, қоныстар, молалар және т.б.) зерттейтін археология жатады.

Оқу әрекеті

Оқушылар берілген мәтіндерді оқып шығады.

Зерттеу сұрағы

Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?

Жұмыс түрі: топтық

«Жариялау» әдісі

Әр топ берілген сұрақ бойынша өз ұстанымын жариялайды. Топ ішінен спикер таңдалып, 5 минут ішінде басқа қатысушыларға топтың пікірін түсіндіреді.

Қарастырылатын тақырыптар

  • Кіріспе сабақ

    Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?

  • Алғашқы адамдардың өмірі

    Ең алғашқы қоғамның ерекшеліктері.

  • Тас дәуірінің тұрақтары

    Қазақстан аумағындағы ежелгі қоныстар.

  • Шаруашылықтағы өзгерістер

    Еңбек құралдарының жетілдірілуі.

  • Ботай мәдениеті

    Ерте кезең мәдени мұрасы.

  • Металлургияның пайда болуы

    Металл өңдеудің қалыптасуы.

  • Андронов және Беғазы-Дәндібай

    Қола дәуірі мәдениеттері.

  • Жартастағы суреттер

    Қазақстандағы ежелгі петроглифтер.

Ескерту

Материалдар оқулық, суреттер және үлестірмелер арқылы меңгертіледі.

Кері байланыс

Стикер арқылы қысқаша рефлексия ұйымдастырылады.