Кім туралы

3-сынып Нәтиже сабақ Тақырып: «Менің отбасым»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Берілген тақырып бойынша алған білімді пысықтау және қорыту; өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Дамытушылық

Есте сақтау қабілетін жетілдіру, ой-өрісті кеңейту; сөздік қорды байытып, тілдік мәдениетті қалыптастыру.

Тәрбиелілік

Отбасына сүйіспеншілікті арттыру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болудың маңызын түсіндіру.

Сабақ туралы

Сабақтың түрі
Нәтиже сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, тест
Құрал-жабдықтар
Тест тапсырмалары, карточкалар, оқулық

Қысқаша құрылым

  • Ұйымдастыру және психологиялық ахуал
  • Үй тапсырмасын тексеру және «Миға шабуыл»
  • Топтық жұмыс, оқулықпен жұмыс, өздік тапсырмалар
  • Сергіту, постер, ертегі, тест, бекіту, рефлексия

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

Психологиялық ахуал орнату.

Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

7 минут
  • Үйге қандай тапсырма берілді?
  • Тапсырманы толық орындадық па?
  • Мақал-мәтелдерді жатқа айту (жалпы және жеке сұрау).

Қосымша тапсырма: анасы мен әпкесі туралы шағын эссе. Оқушылар кезекпен оқиды.

«Миға шабуыл»

3 минут

Тақтадағы суреттерге қарап, заттардың кімге тиесілі екенін табу.

көзілдірік тоқыма жіптері ұшақ қолшатыр тақия доп орамал КамАЗ айна

Қорытынды сұрақ: «Бұл заттар қай отбасы мүшелеріне тән болуы мүмкін?»

III. Топқа бөлу және бағалау

5 минут

«Сиқырлы алма» арқылы топқа бөлу және бағалау парақшаларын тарату.

1-топ

Жасыл алма

2-топ

Сары алма

«Сиқырлы ағаш» ойыны

Мақсаты: оқушыларды сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
Шарты: тақтаға алма ағашы ілінеді; әр алманың сыртында бір сұрақ болады. Оқушы алманы алып, жауап береді. Дұрыс жауап берсе, алманы өзінде қалдырады. Мұғалім оқушы еңбегін бағалайды.

  1. Сенің отбасың қандай?
  2. Отбасыңда неше адам бар?
  3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
  4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
  5. Сенің анаң неше жаста?
  6. Сенің әкең неше жаста?
  7. Сенің әжең кім?
  8. Сенің қарындасың бар ма?
  9. Отбасың тату ма?
  10. Сен анаңа қалай көмектестің?
  11. Сенің атаң бар ма?
  12. Сенің інің балабақшаға бара ма?
  13. Сенің әпкең студент пе?
  14. Сені мектепке кім әкеледі?

IV. Оқулықпен жұмыс

3 минут

Мәтінді аудару және мазмұнын түсіндіру.

I топ

Это — наша семья. В семье пять человек. Это — бабушка, отец, мама, старшая сестра и я. Старшая сестра учится в школе. Она — ученица. Сестре 13 лет.

II топ

Наша семья большая. В семье семь человек. Это дедушка, бабушка, отец, мать, брат, сестрёнка и я. Брат — студент. Сестрёнка учится в 1 классе. Я учусь в 3 классе.

V. Сурет бойынша әңгіме құрау

5 минут

Суретке қарап, отбасы мүшелерін сипаттап, қысқа әңгіме құрастыру.

VI. Өзіндік жұмыс

5 минут

I топ

Отбасындағы әйел адамдарды тәуелдеу (мысалы: анам, әпкем).

II топ

Отбасындағы ер адамдарды тәуелдеу (мысалы: әкем, ағам).

VII. Сергіту сәті

1 минут

Ереже: мұғалім сұрақ қояды. «Иә» деп жауап берсеңдер, орындарыңнан тұрып қол шапалақтайсыңдар.

  1. Кім анасына ұқсайды?
  2. Кім әкесіне ұқсайды?
  3. Кім мақал-мәтел біледі?
  4. Кім спортпен шұғылданады?
  5. Кім анасына көмектеседі?
  6. Кім інісіне қамқор болады?
  7. Кім отбасын жақсы көреді?

VIII. Постер жасау

3 минут

Тапсырма: «Әже мен әке» тақырыбында постер жасап, суретті сипаттау.

IX. «Шалқан» ертегісі

5 минут

Автор: Ерте, ерте, ертеде бір ата мен апа өмір сүріпті. Ата есіктің алдына шалқан егіпті. Шалқан өте үлкен болып өсіпті.

Ата: Ой, бәрекелді! Мен еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.

Автор: Ата шалқанды жұлып алмақ болады, бірақ жалғыз өзі шығара алмайды. Көмекке апасын шақырады.

Ата: Кемпірім, көмекке келші. Жалғыз өзім тарта алмай жатырмын. Кел, екеуміз бірге тартайық.

Апа: Шынында да үлкен екен. Жүр, бірге тартайық.

Автор: Екеуі де тартады, бірақ шалқан қозғалмайды. Апа қызын шақырады, қыз інісін шақырады. Бәрі бірігіп тартқанда ғана шалқан суырылып шығады.

Қорытынды сұрақ: Бұл ертегіден нені байқаймыз?

Түйін:

Отбасы тату болса, кез келген істі бірлесіп атқаруға болады.

X. Нәтиже сабақ: тест

5 минут

Тест сұрақтарына жауап беру.

1) Отбасы мүшелерінің атауын тап.

  • а) әке, шеше, ата, апа
  • ә) табиғат, орман, өзен
  • б) мектеп, тақта, кітап
  • в) дүкен, асхана, шаштараз

2) Жуан дауысты дыбыстарды тап.

  • а) а, ә, о, ы
  • ә) а, о, ұ, ы
  • б) е, и, ы, і
  • в) о, ө, ү, ұ

3) I жақ зат есімнің тәуелдік жалғаулары:

  • а) ің, ың, ң
  • ә) іңіз, ыңыз
  • б) м, ім, ым
  • в) сі, сы, ы, і

4) «Менің отбасым шағын» сөйлемінің аудармасы:

  • а) Моя семья не большая
  • ә) В моей семье 6 человек
  • б) Это моя семья
  • в) Наша семья

5) II жақ зат есімнің тәуелдік жалғаулары:

  • а) ің, ың, ң
  • ә) іңіз, ыңыз
  • б) м, ім, ым
  • в) сі, сы, ы, і

6) III жақ зат есімнің тәуелдік жалғаулары:

  • а) ің, ың, ң
  • ә) іңіз, ыңыз
  • б) м, ім, ым
  • в) сі, сы, ы, і

XI. Сабақты бекіту

5 минут
  • Біз қандай модульді аяқтадық?
  • Бұл модульде қандай жаңа сөздермен таныстық?
  • «Отбасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Өз отбасыларың туралы не айта аласыңдар?

XII. Рефлексия

Бүгін мен білдім

...

Маған қиын болды

...

Маған ұнады

...

XIII. Үй тапсырмасы

Әке мен аға туралы шағын эссе жазып келу.

Сабақ соңы

Мұғалім
Оралбаева А. С.
Тақырып
Нәтиже сабақ: «Менің отбасым»