Рөлдік тапсырма
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Кітапты күте білесің бе?»
Бұл сабақта кітаптың рухани құндылық ретіндегі орны, білім мен ғылымның пайдасы, сондай-ақ оқулық пен кітапты ұқыпты ұстау мәдениеті қарастырылады.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Кітаптың сарқылмас рухани қазына екенін ұғындыру; білімнің кітап арқылы берілетінін түсіндіру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы туралы әңгімелеу. Оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру және оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
2) Дамытушылық
Тақырып бойынша оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қазақ тілінде өз ойын жүйелі жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
Білімге құштарлықты арттыру, кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу, адамгершілік пен еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
Жаңа сабақ барысы
1) Топқа бөлу
Оқушылар «адасқан суреттерді» тиісті конвертке салады:
- «Кітапхана қоры» — әдеби кітаптардың суреттері.
- «Оқу құралдары» — оқу құралдарының суреттері.
Осылайша топ мүшелері анықталады.
2) «Мұра деген не?» ой қозғау
Оқушылар ақ параққа сурет салып, «мұра» ұғымына қатысты өз ойларын бейнелейді және түсіндіреді (презентация қорғайды).
3) Өзара бағалау
Екі топ бір-бірін төмендегі өлшемдер бойынша бағалайды (0–3 балл):
| Критерий | Баға |
|---|---|
| Тақырыптың ашылуы | 0 / 1 / 2 / 3 |
| Ойдың нақтылығы | 0 / 1 / 2 / 3 |
| Безендірілуі | 0 / 1 / 2 / 3 |
Жаңа сабақты меңгеру
1) Сөздер арқылы әңгіме құрастыру
Әр топқа мына сөздер беріледі: әжем, қазына, әкем, кітапхана. Оқушылар сөздерге сүйеніп, өз әңгімелерін құрастырады.
2) Мәтінмен жұмыс
Оқушылар дұрыс-бұрыстығын анықтап, мәтіннен үзінді оқиды:
Біздің үйімізде кітап көп. Әкемнің жеке кітапханасы бай. Бұл кітапханадағы кітаптарды менің әжем жинаған екен. Олардың ішінде өте ескі кітаптар да бар, көптеген сөздіктер де бар. Әжем оқымысты адам болған, кітапты үлкен қазына деп есептеген.
3) Талқылау сұрағы
«Әжесі неге кітапты үлкен қазына деп есептеген?» — оқушылар өз пікірлерін дәлелмен айтады.
4) ДЖИГСО әдісі (оқылым)
1-бөлік
Кітап — адамның білімін арттыратын ең құнды сыйлық. Өкінішке қарай, біз оны әрдайым күте бермейміз. Біздің үйімізде кітап көп. Әкемнің жеке кітапханасы бай. Бұл кітапханадағы кітаптарды менің әжем жинаған екен. Олардың ішінде өте ескі кітаптар да бар, көптеген сөздіктер де бар. Кітаптардың біразы сарғайып кеткен. Әжем оқымысты адам болған, кітапты үлкен қазына деп есептеген. Балаларына да соны үйреткен. Сондықтан біздің отбасымызда кітапқа деген құрмет ерекше.
2-бөлік
Мысалы, әкем кітап оқығанда үнемі сыртын қаптап алады. Кітаптарын тек кітапханада отырып оқиды, бізден де соны талап етеді. Тамақ ішіп отырып кітап ұстасақ, қатты ашуланып: «Қандай ұқыпсызсыңдар!» — деп ұрсады. Кітап оқығанда парағын бүктесек, оған да ренжіп, ескерту жасайды. Әкеме кітапханасын таза ұстауға үнемі көмектесеміз: мүмкіндігінше күнара сөрелердің шаңын сүртеміз. Аптасына екі рет кітаптарды сөрелерден алып, парақтап, әрқайсысының шаңын сүртіп шығамыз. Себебі кейбір зиянды жәндіктер қағазды бүлдіреді екен.
5) Мәтінге тақырып қою
Оқушылар мәтін мазмұнына сай өз тақырыптарын ұсынады және таңдауларын негіздейді.
Есте сақта!
Сөздік- Сарғайып кеткен
- пожелтели
- Қазына
- сокровище
- Оқымысты
- ученая
- Құнды
- ценный
- Ұқыпсыз
- небрежный
- Күнара
- через день
«Мұра» ұғымы
Атадан қалған құнды зат мұра деп аталады.
Қанатты сөздер (әуенмен, суреттер арқылы)
Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге.
Абай
Кітап — алтын қазына.
Кітап — білім бұлағы, білім — өнер шырағы.
Кітап — ғалым, тілсіз мұғалім.
Кітап — алтын сандық: іші толған қазына, құт; оқы, оқы, ойыңа тұт.
Ойын: «Дорбадағы маржан сөз»
Берілген қатардан әрбір 4-әріптен сөз құрастырылады:
о п а к а ы л і е д. т с с а а й, д п л л і -
Жауабы:
Кітап — адал пейіл, асыл дос.
Жаңа сабақты бекіту
Рөлдік тапсырмалар топ ішінде төмендегі форматтармен орындалады:
Өкіл
Топ ішінен бір оқушы жіберіліп, берілген тапсырманы орындайды.
Бәрі
Топ мүшелеріне ортақ тапсырма беріледі.
Сенім
Топ ішінен сенімді бір оқушы таңдалып, тапсырманы орындайды.
Таңдау
Мұғалім топ мүшелерінің ішінен бір оқушыны таңдап, тапсырма береді.
Қорытынды бөлім: жағдаяттар
Оқушылар жағдаяттарды оқып, өз ойларын білдіреді.
Жағдаят 1
Атасы: Балам, менің көзім нашар көреді, маған кітап оқып берші.
Баласы: Ата, уақытым жоқ. Кітапты қайтесіз? Одан да ғаламторға кіріп, керекті мәліметіңізді ала беріңіз.
Жағдаят 2
1-бала: Асхат, маған парақ бересің бе?
2-бала: Менде парақ жоқ.
1-бала: Ендеше мына нөмірді есіңе сақтап қалшы.
2-бала: Басыңды ауыртқанша, ана кітаптың бір бетіне жаза салмайсың ба?
Үй тапсырмасы
- «Кітап — киелі мұра» тақырыбында эссе жазу.
- 4-тапсырма, 81-бет.