Шұғаның белгісі
Сабақ тақырыбы
Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік мақсат
Оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, шығарманың мазмұны мен идеясын толық меңгеруіне жағдай жасау. Жазушының шығармашылық биігін, көркемдік шеберлігін таныту.
Дамытушылық мақсат
Топтық және жеке жұмыстар арқылы оқушылардың ой-өрісін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз ой-пікірін көркем жеткізе білуге үйрету; көркемдік ерекшеліктерді талдау арқылы жазушы шеберлігін терең ұғындыру.
Тәрбиелік мақсат
Повестегі тәрбиелік мәні бар тұстарды анықтау, оқушыларды адалдыққа, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ форматы мен ресурстар
Негізгі сипаттамалар
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
- Сабақ әдістері
- Баяндау, сұрақ-жауап, пікір алмасу, іздендіру, кейіпкерге талдау
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі, бейнелеу өнері, шешендік өнер
Көрнекіліктер
- Интербелсенді тақта
- Жазушының кітаптары
- Суреттер
- Жазушы жайлы пікірлер мен дәйексөздер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту, жұмыс ырғағын белгілеу.
Сабақ жоспары
- 1 «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді…» — үй тапсырмасы
- 2 «Білген сайын келеді, біле бергім…» — жаңа сабақ
- 3 «Даналық сөзден дән ізде» — мәтінмен жұмыс
- 4 «Нені үйрендім, нені білдім?» — сабақты бекіту
II. Үй тапсырмасын тексеру
Шолу сұрақтары арқылы өткен материалды еске түсіру және талдау.
- Сұрақ: Б. Майлин поэзиясының қадір-қасиеті неде?
- Сұрақ: Майлин жырлаған қазақ ауылы қандай?
- Сұрақ: Бейімбеттің әйел теңдігін жырлаған шығармаларын атаңыз.
- Сұрақ: Замандастары мен қаламдастары Майлин туралы не айтқан?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Тақырып пен мақсат
Сабақта Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінің мазмұны, идеясы және көркемдік ерекшеліктері талданады.
Кім білмейді Майдан, Жалбыр, Шұғаны?
Бейімбетті айтқызбай жұрт ұғады.
Қаламынан өріп жатқан шығармалар —
Бірінен бірі артық болып шығады.
Кіріспе әңгіме: жазылу тарихы
«Шұғаның белгісі» хикаятының жазылуы туралы мәліметті Бейімбеттің бірге оқыған досы, башқұрт халқының көрнекті ақыны Сәйфи Құдаш келтіреді. Оның айтуынша, 1916 жылдың ақпан айының соңында Уфадағы «Ғалия» медресесінде тіл мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ғалымжан Ибрагимов шәкірттеріне өздері таңдаған тақырыпта шығарма жазып келуді тапсырған. Сол кезде Бейімбет осы тақырыпты ұсынып, «Шұғаның белгісін» жазған.
Сәйфи Құдаштың пікірінше, бұл шығарма сол уақытта жазылған ең көлемді әрі ең көркем дүниелердің бірі болған. Хикаят қазақ тілінде Бейімбеттің өз редакторлығымен шығып тұрған қолжазба «Садақ» журналында жарияланған.
Мәтінмен жұмыс: бөлімдерге ат қою
Оқушылар повесті алдын ала оқып келеді. Әр бөлімге ат қойып, шығарма сюжетін негізге ала отырып қысқаша мазмұнын баяндайды.
Топтық жұмыс
Оқушылар кесте арқылы шығарманың негізгі идеясы, кейіпкерлер жүйесі және көркемдік құралдары бойынша талдау жүргізеді.
IV. Жаңа сабақты бекіту
1) Жұптық жұмыстар
- Шығармадағы тұрақты тіркестерді табу
- Туыстық атаулар мен жер-су атауларын анықтау
- Шығармадағы салт-дәстүр көріністерін жинақтау
- Тарихи және көнерген сөздерді табу
- Теңеулерді анықтау
- Шағын көрініс: «Алғашқы кездесу»
2) Кейіпкерге септеу (үлгі)
Кейіпкер бейнесін тілдік тұрғыдан талдап, септік жалғауларын орынды қолдану арқылы сипаттау.
- А. с.
- Шұға — Есімбек байдың сұлу қызы.
- І. с.
- Шұғаның белгісі — махаббаттың белгісі.
- Б. с.
- Шұғаға жігіт атаулының көбі ынтық.
- Т. с.
- Шұғаны Әбдірахман шын сүйді.
- Ж. с.
- Шұғада қазақ қыздарына тән асыл қасиеттер көп.
- Ш. с.
- Шұғадан біз үлгі аламыз.
- К. с.
- Шұғамен қазақ қыздары мақтана алады.
3) Ауызша сұхбат (шағын пікірталас)
Талқылау сұрағы
Жазушының мына ойымен келісесіз бе: «Бұл күнде ондай қыз қайда? Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің, ешкіге ұқсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой… Иә…»
Талқылау сұрағы
Қыз бен жігіт арасындағы шынайы махаббаттың өміршеңдігіне мысал келтіре аласыз ба?
V. Үй тапсырмасы
Шұғаның қазіргі замандас қыздарға хаты (болашаққа хат) тақырыбында шығармашылық жұмыс жазу.
VI. Бағалау
Оқушының сабақтағы белсенділігі, мәтінмен жұмыс сапасы, топтық/жұптық тапсырмаларға қатысуы және пікірталастағы дәлелді ойы бойынша бағалау жүргізіледі.
VII. Қорытынды
Жазушы үшін кейіпкердің үлкен-кішісі болмайды. Мәселе — оны қалай суреттеп шығуында. Бейімбеттің бұл жөнінен төрт құбыласы сай. Кейбір әдебиетшілер осы мәселенің байыбына бара алмай жүр. Бейімбетті тани алмау — ештеңені тани алмау…
Осы дәйексөз арқылы сабақтың негізгі түйіні айқындалады: көркем шығармадағы кейіпкер әлемін дәл, нанымды, терең бейнелеу — нағыз шеберліктің өлшемі.
— Ғ. Мүсірепов