Сұрақтар қорабы

Дүниетану 2-сынып Сабақ жоспары

Бастауыш сынып мұғалімі

Бахтыбаева Кенжегүл Жарасовна

Тақырыбы

«Сыйға — сый»

Мақсаты

  • Оқушыларды адам еңбегін құрметтеуге және бағалауға үйрету.
  • Топта бір-бірін сыйлауға, пікірін тыңдай білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

  • Жағдаяттық суреттер арқылы адам еңбегін бағалауды үйренеді және құрмет көрсете алады.
  • Топта өз ойын ашық әрі нақты айта алады.
  • Шапшаңдыққа және әрекетке бейімделеді.

Түйінді идеялар (кілт сөздер)

Табиғат адам бойына шабыт беріп, көңілге қуат, сезімге сұлулық пен сағыныш ұялатады. Ол — адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.

Назар аударатын ұғымдар

еңбек құрмет сыйластық ынтымақтастық пікір тыңдау

Сабақ барысы

1) Ынтымақтастықты қалыптастыру

Жылы атмосфера

Оқушылардың көңіл күйін көтеріп, сабаққа қызығушылығын арттыру үшін дәстүрлі емес амандасу тренингі өткізіледі. Бүгін күнделікті амандасу дәстүрінен өзгеше амандасамыз: әдетте қол беріп амандассақ, бұл жолы дене мүшелері арқылы амандасамыз.

  • Құшақтасып амандасу
  • Маңдай түйістіру
  • Тіземен амандасу
  • Аяқпен немесе арқамен түйістіру

Көңіл күй экраны

Оқушылар өз көңіл күйлерін білдіретін смайликтерді арнайы экранға жапсырады.

2) Үй тапсырмасы: «Сұрақтар қорабы»

Белсенді сұхбат

Оқушылар үйде берілген тапсырма бойынша сұрақтар құрастырады да, сұрақтарын қорапшаға салады. Қорапшадағы сұрақтар араластырылып, оқушыларға таратылады. Әр оқушы бір сұрақтан алып, сол сұраққа жауап береді.

Бағалау

Жауап беру деңгейіне қарай оқушыларға жұлдызшалар беріледі.

3) «Мозайка» арқылы топқа бөлу

Топқа бөліну

Оқушыларға мозайка бөлшектері таратылады. Олар мозайкалардан жапырақ, ағаш және алма суреттерін құрастырады. Құрастырылған суреттер бойынша оқушылар топтарға бөлінеді.

1-топ

Жапырақ

2-топ

Ағаш

3-топ

Алма