Оқушыларды ағашты кесумен механикалық өңдеудің негізгі әдістерімен таныстыру

Сабақтың тақырыбы

Ағашты кесумен механикалық өңдеудің негізгі әдістері.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды ағашты кесумен механикалық өңдеудің негізгі әдістерімен таныстыру.

Тәрбиелілік

Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі ойлауын дамыту.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Қолданылатын көрнекі құралдар

  • Оқулық
  • Жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: топырақты өңдеуге, өнімді отырғызу мен жинауға арналған машиналар.

III. Өткен материал бойынша білімді тексеру

  1. Аспалы соқаның міндеті қандай?
  2. Қопсытқыш пен сепкіштің міндеті қандай?
  3. Тырманың негізгі жұмыс органдарын атаңдар.
  4. Аспалы және тіркемелі қопсытқыштың айырмашылықтары қандай?

V. Жаңа материалды түсіндіру

Ағаш — биологиялық, механикалық немесе химиялық әсерге ұшырауы мүмкін органикалық, өсімдік текті кеуекті материал.

Ағашты биологиялық өңдеу — сапасы төмен ағашты және миллиондаған тонна түрлі ағаш пен ауылшаруашылық қалдықтарын аса маңызды өнімдерге айналдыру үдерісі. Бұл бағытта азықтық ақуыздық ашытқылар, сондай-ақ этил спирті, фурфурол және ксилит өндіріледі.

Биологиялық өңдеу ауылшаруашылық өндірісін микробиологиялық синтездің құнды өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Ағашты механикалық өңдеу — ағаштың заттық құрамы өзгермей, тек көлемі мен пішіні өзгеретін өңдеу түрі. Бұл оны ағаштың табиғаты өзгеретін химиялық өңдеуден айқын ажыратады.