Сағаттың тіліңдей, Иіліп солға бұрыл

Топ: Балдырған

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлім

Тіл дамыту

Тақырып

Қонақтарды күтеміз. Буынға бөлу

Мақсаты

  • Заттарды топтастыра отырып сипаттап айтуға үйрету (ыдыстар: асүйлік, асханалық).
  • Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту және олардың қызметін түсіндіру.
  • Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы

Көне және қазіргі замандағы ыдыстар.

Қос тілдік

Ыдыстарпосуда.

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тілегіміз — әділдік,

Ашық болсын көк аспан!

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме

— Балалар, мен бүгін таңертең балабақшаға келсем, біреу есік алдына сандық тастап кетіпті.

— Олай болса, мына сандықты ашып көрейік пе?

— Балалар, мынау нелер деп ойлайсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, бірақ бұл ыдыстарды біз күнделікті тұрмыста жиі көре бермейміз. Бұл — қазақ халқының көне ыдыстары: ожау, торсық, тостаған, кесе.

Көбінесе ағаштан және теріден жасалады.

Буынға бөлу

  • о-жау
  • тор-сық
  • то-ста-ған
  • ке-се

Қазіргі заман ыдыстары

Педагог қазіргі заманда пайдаланылатын ыдыстардың суреттерін көрсетеді.

— Ал, мынау қандай ыдыстар?

— Қазіргі заманда пайдаланатын ыдыстар неден жасалған?

Сөздік жұмысы: көне, қазіргі замандағы ыдыстар.

Қос тілдік: ыдыстарпосуда.

Буынға бөлу (үлгі)

Тәрбиеші көрсетілген суреттер бойынша сөздерді буынға бөлгізеді.

Ойын: «Бұл қай ыдыс?»

Мақсаты: көне және қазіргі замандағы ыдыстарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін сипаттауға үйрету.

Тіл ұстарту жаттығуы

Ыс-ыс-ыс — болсын мол ырыс,

Болып қапты қымыз,

Аман болсын туыс,

Ыдыстарды жуыс.

Ойын: «Көңілді доп»

Мақсаты: ыдыстардың атауларын дұрыс айтуға үйрету.

Шарты

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Педагог ортада тұрып, допты балаларға ақырын лақтырады. Допты қағып алған бала кез келген ыдыстың атын айтады.

Ескерту: бірінің айтқанын бірі қайталамайды.

Сергіту жаттығуы

Сағаттың тіліндей, иіліп оңға бұрыл.

Сағаттың тіліндей, иіліп солға бұрыл.

Алға қарай бір адым.

Артқа қарай бір адым.

Дидактикалық ойын: «Айгүл қуыршақ қонаққа барады»

Мақсаты: қонақжайлылыққа тәрбиелеу, ыдыстарды дұрыс пайдалануға дағдыландыру.

— Балалар, ыдысты қалай пайдалану керек?

— Ыдыстарды сындыруға бола ма?

— Неліктен болмайды?

Үлестірмелі материалмен жұмыс

Дидактикалық ойын: «Ыдыстарды топтастыр» (асүйлік, асханалық).

Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекеті қорытындыланады.

Күтілетін нәтиже: Біледі

Ыдыстарды және олардың атқаратын қызметін.

Күтілетін нәтиже: Игерeді

Жаңа сөздерді.

Күтілетін нәтиже: Меңгереді

«Ы» дыбысын ажырата біледі.