Бөлімше командирі
Жас ұлан әскери-патриоттық ойыны
9 мамыр — Ұлы Жеңістің 66 жылдығына және 7 мамыр — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 19 жыл толуына орай колледж білім алушылары арасында «Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны өткізіледі.
Ойынның мақсаты
- Білім алушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
- Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
- Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру.
Өтетін орны мен уақыты
- Күні
- 2011 жыл, 7 мамыр
- Өтетін орны
- Қаратау технология, білім және бизнес колледжі, алғашқы әскери дайындық алаңы
Қатысушылар
Ойынға колледж білім алушыларынан құралған 3 бөлімше қатысады.
1-бөлімше
- 1202-10-9-1
- 0902-10-9-1
2-бөлімше
- 1305-10-9-1
- 0518-10-9-1
3-бөлімше
- 0105-10-9-1
- 0103-10-9-1
Жарыс түрлері
-
Сап түзеу және ән айту
Саптық дайындық, сыртқы келбет, үйлесімділік және ән орындау.
-
Ату
Пневматикалық винтовкадан дәлдік бойынша сайыс.
-
Викторина
Қазақстан тарихы және әскери дайындық бойынша сұрақтар.
Киім үлгісі
Қатысушыларға парад киімі ұсынылады: қара шалбар, әскери көйлек (немесе ақ көйлек), қара түсті аяқ киім.
Марапаттау және қорытынды
- Нәтиже бойынша 3 командалық жүлделі орын анықталады.
- Үздік бөлімше командирі және үздік атқыш марапатталады.
- Жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен марапатталады.
- Соңында мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Жарыс кезеңдерінің шарттары
1) Сап түзеу және ән айту байқауы
Бұл кезең бөлімше құрамындағы ұжымдық үйлесімділікті бағалауға бағытталған: сапқа тұру тәртібі, сыртқы көрініс, саптық жаттығулар, екі қатарға тұру, командирдің рапорты, сәлемдесуге жауап беру, бір орында және қозғалыста бұрылулар, жауынгерлік сәлемдесу рәсімі, сондай-ақ музыкалық сүйемелдеусіз ән айтып өту.
Байқау командаларының үлгілік реті
Командирдің пәрмендері
- «Бөлімше! Бір қатарға сапқа тұр!»
- «Түзел! Тік тұр! Рет-ретімен санал!»
- «Түзелу ортаға!» (рапорт беру)
- «Еркін тұр!»
- «Солға! Оңға! Айнал!»
- «Бірінші-екіншіге санал! Екі қатарға сапқа тұр!»
- «Бірінші-үшіншіге санал! Үш қатарға сапқа тұр!»
- «Бір орында адым бас! Алаңды айнала адым бас!»
- «Ән сал!» (1 шумақ + қайырмасы)
- «Бөлімше! Бір орында! Тоқта!»
- «Түзелу ортаға!» (қорытынды рапорт)
Рапорт пен жауап үлгілері
Рапорт:
«Сержант мырза! ____ бөлімше ____ адаммен сапта жүру және ән айту байқауына сапқа тұрғызылды.»
Сәлемдесу:
Қолбасшы: «Саламатсыздар ма!»
Бөлімше: «Саламатсыз ба, сержант мырза!»
Қорытынды:
«Сержант мырза! ____ бөлімше өз көрсетілімін аяқтады. Бөлімше командирі ____________ (тегі, аты).»
Жауап:
«Қазақстан Республикасына қызмет етеміз!»
Түсіндірме: саптық адым
Саптық адым салтанатты шеруде, қозғалыста әскери сәлемдесу орындағанда, сондай-ақ саптық даярлық сабақтарында қолданылады. Қозғалыс кезінде аяқ ұшын алға созып, жерден 15–20 см көтеріп, табанға нық қойылады. Қолдар иықтан қозғалып, шынтақтан бүгіліп, саусақтар жартылай бүгіліп тұрады; бас тік ұсталып, көзқарас алға бағытталады. Қалған жағдайларда жорықтық адым қолданылады.
2) Ату жаттығуы (пневматикалық винтовка)
Атыс басталар алдында қатысушылар қауіпсіздік ережелерімен міндетті түрде таныстырылады.
Жаттығу шарты
- Қатысушылар: әр бөлімшеден 3 білім алушы.
- Нысана: №7.
- Арақашықтық: 7 м.
- Оқ саны: 3.
- Уақыт: шектеусіз.
- Ереже: орындықта отырып ату.
- Қару: пневматикалық винтовка.
Орындау тәртібі
- Атқыш винтовка мен оқтар орналасқан оқ ату шебінде тұрады.
- «Ұрысқа!» пәрмені бойынша шепке жүгіріп барып, винтовканы оқтайды да: «Жас ұлан ______, атуға дайын!» деп баяндайды.
- «Ат!» пәрмені бойынша 3 рет есептік оқ атады да: «Жас ұлан ______, атуды аяқтады!» деп баяндайды.
- «Нысанаға қарай алға бас!» пәрмені бойынша жетекшісімен бірге нәтижені тексереді.
- Біріншілік ұпай саны бойынша анықталады; ұпай тең болған жағдайда — нысанаға тиген оқ саны есепке алынады.
3) Викторина конкурсы
Викторинаға команданың барлық мүшелері қатысады. Әр бөлімшеге Қазақстан тарихы және алғашқы әскери дайындық бойынша 10 сұрақтан қойылады. Жеңімпаз дұрыс жауаптар саны бойынша анықталады.
Егер қорытынды тең болса, ең мықты қатысушылар қосымша сұрақтар арқылы іріктеледі. Жүргізуші сұрақтарды оқиды, ал төрешілер бірінші болып қол көтерген қатысушыға жауап беруге мүмкіндік береді. Жауап толық сәйкес келмеген жағдайда төрешілер шешім шығарады.
1-бөлімшеге арналған 10 сұрақ
- Қазақстан Республикасын қорғау әр азаматтың қасиетті парызы мен міндеті екені қай құжатта көрсетілген? (Конституция)
- Қазақтарда офицер қалай аталған? (Сардар)
- Армия мен флоттағы тарихи қалыптасқан қағидалар, салттар мен құқық нормалары қалай аталады? (Жауынгерлік дәстүрлер)
- Ұлы Отан соғысында қанша қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды? (100)
- 1992 жылғы 25 тамыздағы Президент Жарлығымен бекітілген маңызды әскери құжат? (Әскери ант)
- Қарулы Күштерді басқаратын орталық мемлекеттік орган? (ҚР Қорғаныс министрлігі)
- Рейхстагқа Жеңіс туын алғаш болып қадаған қазақ жауынгері? (Рақымжан Қошқарбаев)
- Жеке құрамды ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады? (Тактикалық дайындық)
- Ұлы Отан соғысы қай күні басталды? (22 маусым 1941 жыл)
- Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі? (Маневр)
2-бөлімшеге арналған 10 сұрақ
- Капитаннан кіші, лейтенанттан үлкен әскери атақ? (Аға лейтенант)
- ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады? (Жаяу әскердің ұрыс машинасы — БМП)
- Панфилов дивизиясында командир болып қызмет еткен, жазушы, батыр? (Бауыржан Момышұлы)
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы кім? (Президент)
- Қазіргі Қарулы Күштер құрамына қандай әскерлер кіреді? (Жалпы мақсаттағы күштер, әуе қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері, ұлттық гвардия және ішкі әскерлер)
- Оңтүстік әскери өңірі қолбасшылығының штабы қай қалада орналасқан? (Тараз)
- Объектілерді күзету мен қорғауға тағайындалған қаруланған бөлімше қалай аталады? (Қарауыл)
- Адыммен қозғалыс қандай болады? (Саптық және жорықтық)
- Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бойынша бас штабының бастығы? (Кәрім Мәсімов)
- Кәсіпқой сержанттарды дайындайтын оқу орны? (Кадет корпусы)
3-бөлімшеге арналған 10 сұрақ
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар? (Ішкі қызмет, тәртіптік, гарнизондық және қарауылдық қызметтері, саптық жарғы)
- Майор, подполковник, полковник қандай құрамға кіреді? (Аға офицерлер)
- Суық қару түрлерін атаңыз. (Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар)
- Тәуліктік кезекші кімдерден тағайындалады? (Қатардағы сарбаздардан)
- «ТМ 62М» коды нені білдіреді? (Танкке қарсы мина)
- Калашников автоматы қай жылы шықты? (1974)
- «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім? (Жамбыл)
- Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418 күн)
- Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі? (Әділбек Жақсыбеков)
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қашан құрылды? (7 мамыр 1992 жыл)
Қосымша сұрақтар
- Қазіргі армиядағы негізгі әскери атақтарды атаңыз. (Қатардағы сарбаздан армия генералына дейін)
- Соғыс жылдары госпитальдар мен әскери бөлімдерде концерт қойған, майдан шебіне барған әнші? (Роза Бағланова)
- Мина-жарылғыш, жарылмайтын, аралас түрлерге бөлінетін, танкке/жаяу әскерге/кемелерге қарсы болуы мүмкін нысандар? (Инженерлік бөгеттер)
- Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған қазақ ұшқышы? (Талғат Бигелдинов)
- Өзіне тапсырылған постыны күзету мен қорғау міндетін орындайтын қаруланған қарауыл қалай аталады? (Сақшы)
Ұйымдастырушы
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы, запастағы сержант Түменбаев Д.Қ.