Мұқағали МақатаевСамал есті, даладан, сай жақтан ба

Мұқағали Мақатаев

Самал есті, даладан, сай жақтан ба?!
Аппақ іңір тауларды ойлантқан ба?
Аспанға сүт әлдекім қайнатқан ба?!
Кілегей тұр меймілдеп қаймақтанған.
Жайлау еді,
Жайлы бір іңір еді,
Жұлдыз тамып кетердей, кідіреді.
Өзеніне асыққан өрім - бұлақ,
Төмен қарай төскейден жүгіреді.
... Қай тұста еді, құдай - ау, қай маңда еді?!
Маған кұшақ сол жанның жайған жері?
Алғаш біздер ақ гүлін таптап кеткен,
Қай маңда еді, жастықтың сайран - белі?!
Таулар да тұр, баяғы бұлақ та бар,
Өзің жоқсың, бірақ та сыр ақтарар.
Іздемей - ақ қояйын сол орынды,
Аттанам ғой ақыры, жылап қалар...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы символизм
ХХ басында қазақ жазба әдебиеті
М.Мақатаев поэзиясындағы символизм
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Мұқағали Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға
Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдігі
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ (1931-1976)
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Балқаштың экологиялық ахуалы
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
Басқару процесiнiң мазмұны