Мұқағали МақатаевЖалғыз аяқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің, Соған шығу қиыны екен өмірдегі қиынның

Мұқағали Мақатаев

Жалғыз аяқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің,
Соған шығу қиыны екен өмірдегі қиынның.
Жалғыз аяқ соқпақ әкеп жолға салды шытырман,
Шимай - шимай сызығындай жүрегім мен миымның.
Бұл соқпақпен әкем менің қан майданға аттанған,
Бұл соқпақпен әжемді де қабіріне ап барғам.
Бұл соқпақпен баламды да ұзатып caп мезгілсіз,
Бөрісінің жүрген ізін ескерткіш қып ап қалғам.
Жол деген көп далада да, қия белде, жондарда
Адаспа, ұлым, аңдап басқын, ұрынбағын орларға ,
Деп соқпақпен ғазиз анам аттандырған мені үйден,
Бетіндегі әжіміндей айғыз - айғыз жолдарға.
Сол соқпақпен жүріп келем, бір жығылып, бір тұрып
Жол іздеймін, жол іздеймін алға қарай ұмтылып,
Жол шіркіннің орының да, жарының да көбін - ақ,
Сүрінемін, жығыламын, қайта жүрем ынтығып.
Жол үстінде ор жоқ деуге қалай ғана нанасың,
Жолдар, жолдар, үйден шалғай қайда әкетіп барасың?
- Орға ұрынбай, жарға ұрынбай айналып өт! – дер маған
Бекер ғана айтыпсың - ау, бекер, бекер анашым...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
Ақын Мұхтар Шаханов
Сәбит Мұқанов және әдебиет
Әбділда Тәжібаев туралы
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы дінмен үндестік және Аллаһты тану
Қадыр Мырзалиев ақындық шеберлігі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
Тілдік әдеби норма және поэтикалық тіл
Қара шал сондай кейіпкер
Мұқағали поэзиясын оқыту әдістемесі
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Адамның шығу тегі
Күйлердің шығу тарихы туралы аңыз - әңгімелер
Кванттық теорияның шығуы туралы
ЖАПОНИЯМЕН СОҒЫС. ЕКІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ АЯҚТАЛУЫ
Некенің сот арқылы сотсыз бұзылуы туралы
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы туралы
Шәмші Қалдаяқов
Кванттық теорияның шығуы