Қазақ тілінен тест тапсырмасы

Қазақ тілінен тест тапсырмасы
1. Рет - ретімен, белгілі тәртіппен орналасқан әріптер жиынтығы
А) сөз В) сөйлем С) сөз тіркесі Д) әліпби немесе алфавит
2. Алфавитте 3 - ші орналасқан әріп
А) ә
В) б
С) в
Д) я
3. Қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөз
А) бор
В) құлақ
С) қасық
Д) шаң
4. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөз
А) емхана
В) асхана
С) аспаз
Д) емші
5. Қатты сөзінің антонимін (қарсы мәндес сөз) табыңыз
А) қатаң
В) жеңіл
С) жұмсақ
Д) жұқа
6. Сөздің одан әрі өзгертуге келмейтін мағынасы бар бөлігі
А) қосымша
В) жалғау
С) түбір
Д) жұрнақ
7. Қазақ тілінде неше септік бар?
А) 9
В) 5
С) 6
Д) 7
8. Шығыс сетігінде тұрған сөзді табыңыз
А) аспан
В) матамен
С) топырақтан
Д) Әйгерімді
9. ІІ жақта тәуелденген сөзді тап
А) кітабы
В) дәптерім
С) қобызың
Д) гүлдер
10. Көптік жалғауын табыңыз
А) ды, ді
В) лар, лер
С) ым, ім
Д) - дан, - ден
11. Біріккен сөзді табыңыз
А) тасбақа
В) тап - таза
С) кг
Д) қызыл ала
12. АҚШ сөзінің толық жазылуы
А) Алты Құрлық Штаттары
В) Америка Құрама Штаттары
13. Күрделі сөздің қайсысына жататынын анықта: Марат Омаров
А) қос сөз
В) біріккен сөз
С) қысқарған сөз
Д) сөз тіркесі
14. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі
А) бастауыш
В) баяндауыш
С) толықтауыш
Д) бастауыш пен баяндауыш
15. Жалаң сөйлемді табыңыз
А) Бала сабақ оқыды.
В) Балалар жүгіріп жүр.
С) Балапан жем теріп жүр.
Д) Бала далаға шықты.
16. Жалқы есімді табыңыз
А) қала
В) Астана
С) астана
Д) жер
17. Негізгі зат есімді табыңыз
А) терезе
В) көлшік
С) тазалық
Д) бірлік
18. Туынды сын есімді табыңыз
А) әдемі
В) көрікті
С) таза
Д) ақ
19. Болымды етістікті табыңыз
А) отырма
В) секірмейді
С) айтты
Д) жазба
20. Күрделі етістікті табыңыз
А) отыр
В) ойнап отыр
С) жүр
Д) күлді
21. Реттік сан есімді табыңыз
А) мың
В) алты
С) миллион
Д) алпысыншы
22. Дара сан есімді табыңыз
А) он үш
В) мың бір
С) төрт жүз екі
Д) сексен
23. Есім сөздердің орнына жұмсалатын сөз табы
А) үстеу
В) шылау
С) еліктеу
Д) есімдік
24. Еліктеу сөзді табыңыз
А) сен
В) неше
С) гүрс
Д) және
25. Жай сөйлемді табыңыз
А) Жаңбыр басылып, күн ашылды.
В) Жаңбыр басылды.
С) Жаңбыр басылып, кемпірқосақ пайда болды.
Д) Жаңбыр қатты жауып, айналаның бәрі су болды.



Ұқсас жұмыстар

Педагогикалық бақылау теориясы бойынша электрондық терминологиялық түсіндірмелік сөздік
Қазақ тілінен ұйымдастырылатын оқу жұмыстары. Оның түрлері
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі
Тест формалары мен түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше өзгеруі
ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру
Бастауыш сыныпта бекіту сабақтарын өткізудің теориялық негіздері
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың әдiстемелiк ерекшелiктерi
Қазақстандағы саяси PR технологияларының сайлау кампанияларындағы қолдану
Қазақстанның ұлттық экологиялық проблемалары
Оңтүстік Қазақстан облысы топонимиясының физикалық-географиялық астарлары
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)