БББ кестесін толтыру

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Бейнелеу өнері · Сыныбы: 4 · Тақырыбы: Пейзаж — «Қар жауып тұр»

Мақсаты

  • Қыс айларындағы табиғат өзгерістері мен құбылыстарын бейнелеуге үйрету.
  • Түс үйлесімі арқылы салынған жұмыстар негізінде оқушының ой-өрісі мен қиялын дамыту.
  • Кескіндемедегі пейзаж жанры туралы білімін тереңдету.

Күтілетін нәтиже

  • Кескіндеме жанрларын ажырата алады.
  • «Қар жауып тұр» тақырыбы бойынша пейзаж салады.
  • Майлы борлар мен акварель бояуын дұрыс қолданады.

Әдіс-тәсілдер

  • Кубизм ойыны
  • БББ кестесі
  • Синквейн

Көрнекіліктер

Бейнематериалдар, презентация.

Құралдар

  • Альбом
  • Майлы борлар
  • Акварель бояулары
  • Қылқаламдар
  • Суға арналған ыдыс

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Дайындық кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.

II. Қайталау

Білу

Үй жұмысын тексеру.

III. Ой шақыру

Қызығушылықты ояту

«Кубизм» ойыны арқылы тақырыпқа бағыттау.

IV. Жаңа сабақ

Түсіну → Қолдану

1) БББ кестесі

Оқушылармен бірге БББ кестесін толтыру: не білемін, нені білгім келеді, нені білдім.

2) Пейзаж туралы түсіндіру

Презентация арқылы пейзаж жанрының ерекшеліктерін талдау.

3) Салу кезеңдері

Пейзажды кезең-кезеңімен салу жолын көрсету және түсіндіру.

4) Түстермен жұмыс

Жылы және суық түстерді ажырату, қыс көрінісін берудегі рөлін талқылау.

Практикалық жұмыс

«Қар жауып тұр» тақырыбына пейзаж салу: негізгі композицияны құру, бояуларды үйлестіру, жұмысты толықтыру және аяқтау.

V. Талдау

Рефлексия

БББ кестесін қорытындылап толықтыру.

VI. Синквейн

Қорытындылау

Тақырып бойынша синквейн құрастыру.

VII. Бағалау

Нәтижені бағалау

Оқушылардың жұмыстарын критерийлер бойынша бағалау, кері байланыс беру.

Мұғалім: Темирбекова А. Б.