Оқушыларға келер шақ және оның түрлері туралы түсінік беру
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі негізгі орта қазақ мектебі.
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Майманов Нуркан Джаныбекович.
Пән және сынып
Қазақ тілі, 4-сынып.
Тақырып
Келер шақ.
Психологиялық тренинг
Күннің шуағын алақаныма саламын,
Жүрегіме басып, ұстай қаламын.
Ізгі, нәзік, жарық, мейірімді —
Сонда менің жан-жағым нұрға толады.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға келер шақ және оның түрлері туралы түсінік беру.
Дамытушылық
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту; өз ойын еркін әрі жатық жеткізу дағдыларын жетілдіру; өз бетімен ізденуге және ой қорытуға үйрету.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, батылдыққа тәрбиелеу; туған жерін, елін сүюге баулу.
Ұйымдастыру
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Іздендіру
- Топпен жұмыс
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Үлестірмелі қағаздар
- Семантикалық карта
Пәнаралық байланыс
Әдебиет.
Қайталау: «Гүл сыйлау» әдісі
Оқушылар алдыңғы білімді еске түсіру үшін төмендегі сұрақтарға жауап береді:
-
1) Етістіктің шақтары дегеніміз не?
-
2) Шақтың қандай түрлері бар?
-
3) Осы шақ дегеніміз не? Түрлерін атаңдар.
-
4) Өткен шақ деген не?
Жаңа тақырып: Келер шақ
Анықтама
Келер шақ — іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді.
Сұрақтары
Не істеймін?
Сұрақтары
Не істейсің?
Сұрақтары
Не істейді?
Жіктелуі (мысал: «сырғанау»)
Жекеше
Көпше
- Мен
- сырғанаймын
- Сен
- сырғанайсың
- Сіз
- сырғанайсыз
- Ол
- сырғанайды
- Біз
- сырғанаймыз
- Сендер
- сырғанайсыңдар
- Сіздер
- сырғанайсыздар
- Олар
- сырғанайды
Сергіту: тапқырлық сұрақтары
Сұрақ 1
Екі күн қатарынан жаңбыр жаууы мүмкін бе?
Жауабы: Жоқ, өйткені екі күннің арасында түн бар.
Сұрақ 2
Тамақ пісірер алдында қазанға алдымен не салады?
Жауабы: Көз салады.
Қосымша материал
Слайдты жүктеу.